Глоссарий абсентеизм


Жалпы адамзаттық құндылықтар



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата12.10.2023
өлшемі338,95 Kb.
#184922
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Глоссарий 2023-2024 оқу жыл P1

Жалпы адамзаттық құндылықтар 
— бүкіл адамзаттың рухани тәжірибесінен туған 
адамгершілік қазыналар. Олар адамдардың адамгершілік туралы ой-пікірлерін білдіреді. 
Жанарған колониализм 
(неоколониализм) — бұрынғы отаршы елдердің тәуелсіздігін 
алған мемлекеттерді экономикалық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық және т.с.с. әдіс-


тәсілдерді шебер пайдалану арқылы ӛз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау 
саясаты. 
Жаңарған консерватизм 
(неконсерватизм) — бұрынғы калыптасқан дәстүрлі қазыналар 
мен арман-мұраттарды сақтап, оларды ӛмірдің бүгінгі талабына сай жаңғыртуға тырысқан 
Батыс саясаттану ғылымындағы ағым. Ол біздің ғасырымыздың 70 жылдарынын екінші 
жартысында пайда болған. Белсенді ӛкілдері: Д. Белл, И. Кристонн, С. Липсет және т.б. 
Жаңарған либерализм 
(неолиберализм) — дәстүрлі либерализмнің қағидаларын сақтап, 
оларды XX ғасырдың жаңа талаптарына сай ӛзгертуші идеялық-саяси ағым. Мысалы, 
бұрынғы либерализм мемлекет экономикаға араласпасын дейтін. Қазір әлеуметтік-
экономикалық және т.б. мәселелердің кейбір жерлерін мемлекеттің реттегенін жӛн кӛреді. 
Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке ӛміріне араласуына және т.с.с. қарсы 
шығады. 
Жанаша саяси ойлау 
— КСРО мен СОКП басшыларының жалпы адамзаттық мұраттар 
мен кұндылықтарды басшылыққа алып, бұрынғы "қырғи қабақ соғыс" қалпынан бас 
тартуы. 80 жылдардын ортасында оған себеп болғандар: 1) ядролық-космостық дәуірде 
мемлекеттер, блоктар арасында әскери қақтығыстың болмау керектігін түсіну;
2) ғаламдық мәселелердің маңызды орын алуы және т.б. 
"Жасылдар" 
— айналадағы ортаны корғап, жер бетінде тіршілікті сактау үшін күресетін 
халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 70 жылдардың екінші жартысында ол 
қозғалыстардан партиялар пайда болды. Ондай партиялар қазір барлық елдерде дерлік 
бар. "Жасылдардың" экологиялық қозғалысы бүгінгі таңда маңызды рӛл атқарады және 
бірталай табыстарға жетті. Мысалы, олар 1978 жылы Австралияда, Германия 
Федеративтік Республикасында атом электр станцияларын салуға тыйым салдырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет