Бихевиоризм
— жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін
талдауға негізделген
әдістемелік бағыт. XX ғасырдың 20—30 жылдарында пайда болған. Бұл әдісті
жақтаушылар саяси кызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы
түсініп білуге болады дейді.
Блокада
— ӛз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бӛлігін қоршауға
алып, сырт әлемнен бӛліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және
т.с.с. түрінде болуы мүмкін.
Бойкот
— 1) ӛзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке
адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе
ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол
мақсатта белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) ӛкілетті органдарды сайлауға
қатысудан
бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым-қатынасты үзу. Бұл сӛздің
шығуы Ч. К. Бойкат деген ағылшынның атына байланысты. 1880 жылы ол басқарған
имениені жалға алған ирландықтар күрестің бұл түрін
бірінші рет соған қарсы
пайдаланған болатын.
Бонапартизм
— 1) әскер мен бюрократиялық аппаратқа сүйенген диктаторлық тәртіптің
түрі; 2) билік үшін талас кезінде әлеуметтік топтар арасында бұлтақтау саясатын жүргізу.
Бұл термин 1799 жылы Францияда әскери диктатураны орнатқан Наполеон Бонапарттың
есіміне байланысты туған.
Достарыңызбен бөлісу: