қабылданған шешім. Мысалы, парламент үкіметке сенім білдірмесе, ол, әдетте, жұмыстан
кетуге мәжбүр болады.
Геноцид
— адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің ӛкілі болуына байланысты әдейі
қыру немесе қудалау. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германия
еврейлер мен цыгандарға қарсы осындай саясат жүргізді. Қазіргі кезде ол халықаралық
қылмыс болып саналды.
Геосаясат
— сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына, қазба
байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы
Ф. Ратцель, X. Маккиндер және т.б. қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайы
мен даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.
Геронтократия
— ақсақалдардың билік жүргізу принципі. Басқарудың бұл түрі алғашқы
қауымдық қоғамға тән. Сонымен қатар ӛкімет билігі жасы келген адамдардың қолында
тұрған мемлекеттерге де байланысты айтылады.
Глобалдылық -
бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған
ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мәселелерге термоядролық соғысты болдырмау,
айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде демографиялық жағдайды
тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық, маскүнемдік, СПИД-тін ӛріс алуын
тоқтату және т.с.с. жатады.
Гуманизм
—қайта ӛркендеу дәуірінде дін мен феодализм құрсауынан адам баласын
босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың
дұрыс калыптасуы мен дамуына қажетті әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани
жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси кӛзқарастар, идеялар жүйесін білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: