Абсентеизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы.сайлау кезінде сайлаушылардың саналы түрде дауыс беруге қатыспауы.
Абсолюттік монархия – монарх билігінің, оның құзырының шексіздігін білдіреді. Жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі. Биліктің мұндай түрі ХХ ғ. басында Ресейде, Австро-Венгрия мен Германияда болды.
Автономия - бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым
Авторитарлық (лат.тіл – өктемшілдік) – саяси билік; бір адамның немесе бір топтың қолында шоғырланған мемлекеттік құрылыс.
Агрессия (латын тілінде – басқыншылық) – бір немесе бірнеше мемлекеттердің басқа мемлекеттің жерін басып алу, тәуелсіздігінен айыру немесе шектеу, оның қоғамдық құрылысын күштеп өзгерту ниетімен шабуыл жасау.
Азаматтық қоғам - әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.
Альянс (франц.тіл. - одақ) – мемлекеттер арасындағы одақ немесе қандай болса дабір ұйымдардың халықаралық бірлестігі.
Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.
Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.
Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.
Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.