Глоссарий: Абсентеизм



бет1/4
Дата15.10.2022
өлшемі42,5 Kb.
#153209
  1   2   3   4
Байланысты:
Gljssary
Дәріс 6., ВСЯ Шпора, практикалық тапсырмалар 2, ЕАЖКЗТ емтихан сұрақтары

Глоссарий:



  • Абсентеизм - халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы.сайлау кезінде сайлаушылардың саналы түрде дауыс беруге қатыспауы.

  • Абсолюттік монархия – монарх билігінің, оның құзырының шексіздігін білдіреді. Жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі. Биліктің мұндай түрі ХХ ғ. басында Ресейде, Австро-Венгрия мен Германияда болды.

  • Автономия - бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым

  • Авторитарлық (лат.тіл – өктемшілдік) – саяси билік; бір адамның немесе бір топтың қолында шоғырланған мемлекеттік құрылыс.

  • Агрессия (латын тілінде – басқыншылық) – бір немесе бірнеше мемлекеттердің басқа мемлекеттің жерін басып алу, тәуелсіздігінен айыру немесе шектеу, оның қоғамдық құрылысын күштеп өзгерту ниетімен шабуыл жасау.

  • Азаматтық қоғам - әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.

  • Альянс (франц.тіл. - одақ) – мемлекеттер арасындағы одақ немесе қандай болса дабір ұйымдардың халықаралық бірлестігі.

  • Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

  • Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

  • Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.

  • Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.

  • Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

  • Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

  • Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет