Глоссарий: Абсентеизм


Интеграция (лат.тіл. - ықпалдастық) – бірнеше мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының бірігуі. Инновация



бет3/4
Дата15.10.2022
өлшемі42,5 Kb.
#153209
1   2   3   4
Байланысты:
Gljssary
Дәріс 6., ВСЯ Шпора, практикалық тапсырмалар 2, ЕАЖКЗТ емтихан сұрақтары
Интеграция (лат.тіл. - ықпалдастық) – бірнеше мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының бірігуі.

  • Инновация - жаңалық енгізу.

  • Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.

  • Конституция - мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

  • Контрибуция (лат.тіл. - өтем) – жеңілген мемлекеттің жеңген елдің үкіметіне ақшалай, яғни бағалы зат түрінде беретін төлемі.

  • Коррупция (лат.тіл. - жемқорлық) – мемлекеттік және саяси қайраткерлердің параға сатылуы,сыбайлас жемқорлығы.

  • Коалиция (лат.тіл. - бірігу) – жалпы мақсатқа жету үшін мемлекеттер мен партиялардың, қоғамдық ұйымдардың бірлігі.

  • Конвенция (лат.тіл. - еркін, ерікті) – халықаралық келісім.

  • Көппартиялылық - мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі.

  • Легитимділік - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті заң жүзінде мойындалуы.

  • Либерализация(лат.тіл. - ырықтандыру) – мемлекеттік реттеудің қатаң бақылауынан босану.

  • Локаут (ағылш.тіл. - есікті жабу) – жұмысшыларды көптеп жұмыстан шығару.

  • Маргиналдар - белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

  • Меморандум - дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

  • Можаритарлық жүйе - сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

  • Мораторий - ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

  • Модернизация (фр.тіл. - жаңғырту) – артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттік саясат.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет