Хх ғасырдың басында құрылған саяси партиялар



Дата08.02.2022
өлшемі0,83 Mb.
#123545
Байланысты:
партиялар

ХХ ғасырдың басында құрылған саяси партиялар Қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті.

«Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5 қазанда «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Бағдарлама 10 пункттен тұрды (мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік және сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мәселесі).

Партия жетекшісі Ә. Бөкейханов болды, партияны құруға А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Досмұхамедов, М. Шоқай, Ж. Ақбаев, Ш. Құдайбердиев, М. Тынышбаев және т.б. алаш зиялылары атсалысты. Олардың мақсаты қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына ұлттық автономия құру болды..

Үш жүз партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды. Төрағасы – Мұқан Әйтпенов, ал орталық комитет құрамына Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді. Үш жүздің бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу, тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді. Бұған қоса Үш жүз заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды. Үш жүз 1917 жылы екіге бөлінді, «Үш жүз» партиясының солшыл қанатын К. Тоғысов басқарды. К. Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Партия Кеңес өкіметіне сенім білдірді.

Алаш пен Үш жүз партияларының бағдарламаларында айырмашылықтар болды. Алаш партиясының сипаты – ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін ойлады. Үш жүз партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін қолдап, Кеңес өкіметін қолдады.

«Алаш» партиясының баспасөз органы «Қазақ» газеті болды. Үш жүз партиясының баспасөз органы болған Үш жүз газеті, 1917 ж. желтоқсаннан бастап Петропавл қаласында шыға бастады. 1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған Үш жүз Алашқа қарсы белсенді күрес жүргізді. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында ІІ Жалпықазақтық съезде Алашорда үкіметі жарияланды.

Шура-и-Ислам партиясы Басшысы Ж. Салихов Құрылған жылы 1917 жылы Штаб-пәтері Петроград Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Бүкілресейлік мұсылман кеңесінің құрылуына “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ” қолдаушылық танытты. Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесімен тығыз байланыста болып, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына қызу әзірлік жұмыстарын жүргізді.

Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттары кеңесінің бар билікті қолына алуға талпынуына қарсылық көрсетіп, Түркістан автономиясының жариялануын жақтады. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді. 1918 жылы көктемде кеңестік биліктің шешіміне орай “ ШУРО-и-ИСЛАМИЯ.” ұйымы заңнан тыс деп жарияланып, таратылды.

Шуро-и-Улема” қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған. “Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. 

Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясықұрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды. 



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет