Халықаралық жүзу федерациясы



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата23.05.2023
өлшемі212,02 Kb.
#177436
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
DOC-20221215-WA0005.
9-сынып тжб 4-тоқсан 2021, Манифест, Курсовая Константинова , массаж 3 курс, Дзюдоның дамуы мен шығуы (2)



 
 
 
 
 
 
 
 
 
Курстық жұмыс 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



Мазмұны 
КІРІСПЕ..............................................................................................................3 
І. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ 
1.1 Жүзу – спорт түрінің бірі............................................................................5 
1.2 Халықаралық жүзу федерациясы...............................................................8 
ІІ. СПОРТТЫҚ ЖҮЗУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ 
2.1 Суда жүзу түрлері мен техникасы.............................................................9 
2.2.
Спорттық жүзу әдістерінің өзіндік ерекше айырмашылықтары.........14 
2.3. Суда жүзуді үйрену..................................................................................17 
ІІІ. СУДА ЖҮЗУДІҢ ПАЙДАСЫ 
3.1. Суда жүзудің денсаулыққа тигізер әсері................................................21 
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................23 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................25 



Кіріспе 
Қазіргі дене тәрбиесі сабағындағы білім берудің басты мақсаты — 
денсаулығы мықты, спорт сүйер тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең 
басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал спорт жағынан 
дамудың орны ерекше. «Дене тәрбиесі» деген сөз «дене мәдениеті» дегенді 
білдіреді. Бұл дененің жақсы өсіп жетілуіне көп көмегін тигізеді деп сенуің 
керек. Адам табиғаттың бір бөлшегі және ол табиғаттың өзі секілді өте 
күрделі құбылысы. Дене тәрбиесі дене шынықтыру жаттығуларымен 
шұғылдану адамның күшін молайтуға, жігерлі болып өсуіне, терең білім 
алуына септігін тигізеді. Дене тәрбиесінің ең басты артықшылығы ол қимыл-
қозғалыс дағдыларының жақсаруына ықпал етеді. Дене тәрбиесі қозғалыс 
қимылға үйрену және дене қасиеттерін тәрбиелеу секілді өзара байланысып 
екі ерекшелікті білдіреді. Қозғалыс-қимылға үйрену адамның өз қозғалыс 
қимылын басқарудың тиімді тәсілдерін жүйелі түрде меңгеру, осы арқылы 
өмірде қажет болатын қозғалыс әрекеттері мен дағдыларын және онымен 
тығыз байланыстағы біліктілікті игеру секілді дене тәрбиесінің арнайы 
мақсатын көздейді. 
Оқушының спортқа деген қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін 
жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат — 
оқушылардың 
спортқа 
деген дағдыларын 
қалыптастыра 
отырып, 
шығармашылық жұмысқа баулу, ой-өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. 
Міндет - оқушылардың суда жүзу қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына 
көңіл бөлу. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастарды 
дамытуға ден қою қажет. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізде жоғары шеберлікті 
діттейтін спортты дамытуға да, сондай-ақ оның бұқаралылығына да зор көңіл 
бөлуі баршамыздың айрықша ризалығымызды тудырады. Ол биылғы 
Жолдауында спортты дамытуға, әсіресе, салынған биік дәрежедегі, әлемдік 
талаптарға сай келетін спорт нысандарын тиісінше пайдалануды талап етті. 



Күні кеше ғана Астана қаласын одан әрі көркейтуге арналған отырыста 
Елбасы осы мәселені тағы бір мәрте қадай айтты. 
Бұл орайда Президентіміз спортты ел азаматтарының денсаулығын 
сақтаудың бір негізгі қайнар көзі деп есептейтінін де анық аңғарамыз. 
Расында да, бүгіндері мемлекет дене шынықтыру мен спортты дамытуға мол 
мөлшерде қаражат бөліп отыр. Соның арқасында спорт нысандары халық 
игілігіне асып әрі спортты дамытуға, әрі тұрғындар денсаулығын нығайтуға 
қызмет етіп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет