Қорытынды
Қазақстан Республикасы егемен ел мәртебесін иеленгеннен бері біздің
спорт әлемімізде ерекше өзгерістер болғанын ешкім жоққа шығара алмайды.
Бұрындары
Кеңес
Одағының
құрамасына
алынған
қазақстандық
спортшылардың жетістіктері тап қазіргідей мән-маңызға ие болды дей
алмайсың. Өйткені, республикамыз одақтық құрылымның бірі болғандықтан,
ондай көрсеткіштерге оншалықты көңіл бөлінбеді.
Ел басының салаутатты өмір салтын қалыптастыру еліміздің басты
мәселесі, онымен қоса жастардың барлығы спортпен шұғылдану керек деген
сөзі барша қазақ баласына ұран болуы тиіс. Осы жолда атқарылып жатқан
шаруалар аз емес. Соның бірі, халықты сауықтыру үшін жұмыс жасап түрған
осы бассейндер.
Күш қуат адам өміріне керек факторлардың бірі болып табылатындықтан,
жеткіншек ұрпаққа біліммен бірге дене тәрбиесін беру және дене тәрбиесі
мәдениетін қалыптастыру аса қажет. Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің негізгі
мақсаты ең алдымен дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы және
онымен айналысудың тиімді жолдары туралы білім береді. Сонымен бірге
адамның өмірге деген құштарлығын да арттырады. Балаларға салауатты өмір
салтына сай қағидаларды түсіндіре отырып, болашақтың тірегі болатын дені
сау, жан- жақты жетілген азамат тәрбиелеу.
Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылдану тұлға түзулендіреді, бұлшық
еттерді үйлесімді дамытады, тыныс алу және жүрек қан тамыры жүйесінің
қызметтерін жақсартады, жалпақтабандылықты болдырмайды. Судың,
ауаның температуралары әр түрлі болатындықтан адам ағзасын шынықтыру
рөлін де орындайды.
Суда көлденең қалыпта болып (омыртқа тік жүрген кездегі дене
ауырлығы қысымынан босайды), тура және біркелкі жүзу қимылдарын
орындайтындықтан суда жүзу кездерінде түлға тузуленеді, әр түрлі қисаюлар
болса дұрыс қалыптарға келеді.