Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Құнның еңбектік теориясы
– кез-келген тауар құны оның өндірісіне жұмсалған 
еңбектің шамасымен анықталатын дәлелдейтін маркстік тұжырымдама. 

Құрылымдық жұмыссыздық
– тұтыну тауарларына сұраныс құрылы-мының 
және өндірістегі технологиялардың өзгеруіне байланысты болатын жұмыссыздық; 
фирмалар тарапынан кейбір мамандықтарға сұраныстың қысқаруынан немесе 
мүлдем жоғалуынан сол мамандық иелерінің мәжбүрлі түрде ұзақ уақыт бойы 
жұмыссыз қалуы. 

Қызмет, қызмет көрсету
– тұтынушының, фирманың және мемлекеттің ақшаға 
айырбастай алатын қолға ұстап, көруге болмайтындардың барлығы. 

«Қымбат» ақшалар саясаты
– экономикалық белсенділікті тежеу үшін 
айналымдағы ақша массасын қысқарту саясаты. 

Күтімдер
– тұтынушылар мен фирмалардың болашақта қандай жағдайлар 
орын алатындығы туралы жеке пайымдаулары. 

Лаффер қисығы 
– салық мөлшерлемелері мен салықтық түсімдер арасындағы 
байланысты көрсететін және салықтық түсімдерді максимумға жеткізетін салық 
мөлшерлемесінің тиімді деңгейін (0-ден 100%-ға дейін) анықтайтын қисық сызық. 

Лоренц қисығы
– экономикада тұрғындар табыстарының бөлінуіндегі 
теңсіздіктерді анықтауға көмектесетін қисық сызық. 

Макроэкономика
– экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін және жалпы 
экономикалық көрсеткіштерді қолданатын экономикалық ғылымның бір саласы. 

Мамандандыру
– индивидтің, фирманың, аймақтың немесе мемлекеттің 
тауарлар мен қызметтердің белгілі бір нақты түрлерін өндіру үшін ресурстарды 
мақсатты түрде қолдануы. 

Маржинализм
– шекті табыстар мен шекті шығындарды салыстыруды 
зерттейтін шешім қабылдау теориясы. 

Мемлекеттік қаржы 
– мемлекеттік табыстар мен шығындарды зерттей-тін 
экономикалық теорияның бір бөлімі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет