Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория
123476, docx1549914411


ГЛОССАРИЙ 

Абстракция
– экономикалық талдаудан іске қатысы жоқ құбылыстарды және 
экономикалық емес жайттарды ескермеу. 

Агрегаттау
– жекелеген бірліктерді немесе мәліметтерді біртұтас көрсеткішке 
біріктіру. Мысалы, жекелеген тауарлар мен қызметтердің барлық бағалары 
бағалар деңгейі болып жалпы бір көрсеткішке бірігеді немесе өнімдердің барлық 
бірліктері нақты жалпы ішкі өнімге агрегатталады. 

Ағымдық операциялар есебі
– тауарлар мен қызметтердің экспорты мен 
импорты, инвестициядан алынатын таза табыс және трансферттік төлемдердің 
таза көлемі тіркелетін елдің төлем балансының бір бөлімі. 

Адам капиталына инвестиция салу
– кәсіпорынның өз жұмысшылары-ның 
еңбек өнімділігін көтеру үшін (олардың біліктілігін көтеру және қабілеттіліктерін 
дамыту жолымен) жасайтын кез-келген іс-шаралары: жұмысшылардың білім 
деңгейін, денсаулығын жақсарту шығындары. 

Адам капиталы теориясы
– жалақыдағы айырмашылықтар адам капиталына, 
яғни адамның білімін жетілдіруге құйылатын инвестициялардың салдары деп 
түсіндіретін тұжырымдама. 

«Азия жолбарыстары»
– Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея және Тайвань 
сияқты Азияның жаңа тез қарқынмен дамып келе жатқан индустриалдық елдері. 

Актив
– фирманың немесе жекелеген тұлғалардың меншігіндегі ақшалай құны 
бар барлық заттардың жиынтығы. 

Акциз
– нақты бір тауарды немесе белгілі бір тауарлар көлемін сатып алуға 
жұмсалатын шығындарға салынатын салықтар. 

Ақша
– тауарлар мен қызметтердің өзара айырбасына қажетті қолданы-латын 
абсолютті өтімділікке ие ерекше құрал немесе тауарлардың тауары. 

Ақша айналымының жылдамдығы
– тауарлар мен қызметтерді сатып алуға 
қажетті айналымдағы ақша массасының жылына қанша рет айналатын-дығын 
көрсететін сан. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет