Еңбек өнімділігі
-
өнімнің жалпы көлемінің соның өндірісіне жұмсалған еңбек
санына қатынасы; еңбектің орташа өнімі немесе бір жұмысшының бір сағатта
орындайтын еңбегінің нәтижесі.
Еңбек сиымды тауар
– өндірісіне салыстырмалы түрде еңбек ресурсы-ның
көлемі көбірек жұмсалатын өнім.
Ереуіл
– жұмысшылар тобының (кәсіподақтың) өзара ұйымдасып
жұмысты
тоқтатуы.
Еуропалық одақ
– жұмыс күші мен капиталдың еркін қозғалуын қалыптастыру,
жалпы экономикалық саясатты жүргізу, тауарлардың ағылуына салынатын жалпы
кеден тарифтері мен импорттық квоталарды біртіндеп жою үшін 1958 жылы
құрылған еуропалық мемлекеттер ассоциациясы.
Жабық экономика
– тауарлар мен қызметтерді экспорттамайтын және
импорттамайтын елдің экономикалық жүйесі.
Жалақы
– уақыт (сағат, күн, т.б.) бірлігіне шаққандағы еңбек қызметінің қандай
да бір түрін қолданғаны үшін төленетін бағасы немесе төлем.
Жалпы жеке ішкі инвестициялар
– машиналар, құралдар, саймандар,
ғимараттар сияқты өндіріс құрал-жабдықтарын өндіруге және тауарлы-
материалдық қорларды толтыруға кететін шығындар.
Жалпы ішкі өнім
– әдетте, бір жыл ішінде белгілі елдің территориясында
қолданылатын ресурстардың көзіне (ішкі немесе сыртқы) қарамастан өндірілген
барлық соңғы өнімдер мен қызметтердің жалпы нарықтық құны.
Достарыңызбен бөлісу: