Экономикаға «қуат беру»
– «табыстар-шығындар» ағынына немесе
экономикалық айналымға инвестициялар, мемлекеттік шығындар, экспорт түрінде
құйылатын қосымша қаржылар.
Экономикалық интеграция
– елдер арасындағы сауда тосқауылдарын жою,
жалпыға ортақ үлкен нарықты құру үшін әлемнің әртүрлі елдерінің ұлттық
шаруашылықтарының бірігуі және ынтымақтастығы.
Экономикалық өсу
– нақты жалпы ішкі өнім көлемінің сан жағынан көбеюі мен
сапалық жетілдірілуі немесе өндірілген нақты өнім көлемінің жан басына шаққанда
өсуі; экономикада қолданылатын өндіріс факторларын ұлғайтудың және техника
мен технологияны жетілдірудің нәтижесінде өндірістік қуаттылықтың артуы.
Экономикалық рента
– ұсынысы тұрақты және абсолютті икемсіз болып
табылатын жерді және басқа да табиғи ресурстарды қолданғаны үшін төленетін
баға.
Экономикалық саясат
– экономикада қажетті нәтижелерге қол жеткізуді
мақсат етіп қоятын және жағымсыз құбылыстардың орын алуын болдырмауға
қатысты саясатты қалыптастыру.
Экономикалық талдау
– экономикалық ақиқаттылықтың нақты деректерінен
экономикалық заңдылықтарды анықтау.
Экономикалық тиімділік
– ресурстардың ең аз шығынымен тауарлар мен
қызметтер өндірісінің ең үлкен көлеміне қол жеткізу; өнім өндіру
барысында
алынатын нәтижелердің сол өнімді өндіруге кететін шығындарға қатынасы.
Экономикалық цикл (іскерлік ауытқымалы кезең)
– экономикалық
белсенділіктің көтерілуінің және төмендеуінің бірқатар жылдар бойы қайталанып
отыруы.
Экономикалық шығындар
– айқын және айқын емес шығындардың, қалыпты
пайданың қосындысы.
Экономикалық теория (экономикс)
– қоғамның шексіз материалдық
қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру
мақсатында шектеулі
экономикалық ресурстарды тиімді пайдалануды зерттейтін қоғамдық ғылым.
Экономиканың іргелі сұрақтары
– не өндіру керек, қалай өндіру керек, кім
үшін өндіру керек сияқты кез келген экономикалық жүйенің шешуі тиіс негізгі
экономикалық мәселелері.
Экспорт
– ел ішінде өндірілген тауарлар мен қызметтерді басқа елдердің
жекелеген индивидтерінің, фирмаларының және үкіметтерінің сатып алу
шығындары.