Сұраныстың бағалық икемділігі
– тауарға сұраныстың пайыздық өзгеруінің
оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы; тауар бағасының өзгеруіне
сұраныс көлемінің өзгеру реакциясы.
Сұраныстың қиылысқан икемділігі
– бір тауарға сұраныстың пайыз-дық
өзгеруінің екінші бір тауар бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасын білдіретін
коэффициент. Коэффициенттің оң мәнді болуы тауарлардың өзара
алмастырушылар, ал теріс мәнді болуы тауарлардың өзара толықтырушылар
екендігін көрсетеді.
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі
– табыс көлемінің пайыздық
өзгеруінің тауар бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы.
Сыртқы қарыз
– мемлекеттің шетел азаматтарына, фирмаларына және
мекемелеріне деген борышы.
Сэй заңы
– тауарлар мен қызметтер өндірісі (жиынтық ұсыныс) соларға тең
жиынтық сұранысты тудырып отырады деген макроэкономикалық қағида (шешімін
таппаған теория).
Табыстардың теңсіздігі
– елде өндірілген жиынтық табыстың жекелеген
тұлғалар мен жанұяларға тең бөлінбеуі.
Таза бәсеке
– стандартты тауарлар сататын фирмалар санының көп болуы,
салаға еркін кіріп одан шыға алу мүмкіндіктерінің болуы, жеке сатушының
сатылатын тауарының бағасына бақылау жасай алмауы, бағалық емес бәсекенің
болмауы, сатып алушылар санының көп болуы сияқты шарттары орындалатын
нарықтың жағдайы.
Таза монополия
– фирманың жақын алмастырушысы жоқ ерекше тауарды
сатуы, салаға кіру мүмкіндігі жоқтығы, сатылатын өнімінің бағасына толықтай
бақылау жасай алуы сияқты шарттар орындалатын нарықтың жағдайы.
Таза ішкі өнім
– жалпы ішкі өнім мен амортизациялық аударымдар арасындағы
айырма.
Таза экспорт
– экспорт пен импорттың айырмасы.
Тарифтік емес тосқауылдар
– мемлекеттің елдер арасындағы сауда
түрлеріне шек қоюды енгізетін кедергілері: импорттық квоталар, лицензиялар,
стандарттар, еркін экспорттық шектеулер, т.б.
Тапшылық
– берілген бағалар (тепе-теңдік бағадан төмен) кезінде өнімге
деген сұраныс көлемінің оның ұсыныс көлемінен артып кетуін білдіретін шама.
Тауарлар нарығы
– фирмалар өндірілген өнімдерін сататын және үй
шаруашылықтары сол өнімдерді сатып алатын нарық.
|