Глоссарий абстракция


Тұтынуға деген шекті бейімділік



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория
123476, docx1549914411
Тұтынуға деген шекті бейімділік
– қолда бар табыстың кез-келген өзгеруіндегі 
тұтыну тауарларына кететін шығындардың үлесі; қолда бар табыс өзгерісінің 
тұтыну шығындарының өзгерісіне қатынасы. 

Тұтынушылық бағалар индексі
– тұтынушының статистикалық орташа 
есеппен сатып алатын құрамына 300-ден астам тұтыну тауарлары кіретін «тұтыну 
қоржынының» бағалар деңгейін өлшеу үшін қолданылатын индекс. 

Тұтынушының егемендігі
– шектеулі ресурстармен өндірілетін тауарлар мен 
қызметтердің түрлеріне тұтынушының еркін таңдауының болуы. 

Ұзақ мерзімді тренд
– көптеген жылдар аралығында экономикалық белсенділік 
деңгейінің көтеріліп немесе төмендеп отыруы. 

Ұлттық табыс
– ресурстардың жалпы ішкі өнім өндірісіне қосқан үлесі үшін сол 
ресурс иелерінің жалақы, пайыз, рента және пайда түрінде алатын жиынтық 
табыстары. 

Ұсыныс
– сатушының белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір бағамен 
тауардың немесе қызметтің белгілі бір көлемін нарықта сатуға деген дайындығы 
және сата алу қабілеті. 

Ұсыныс заңы 
– тауардың бағасы мен оның сатылу көлемі арасындағы тура 
байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. 

Ұсыныс қисығы
– сатушының белгілі бір уақыт аралығында әртүрлі бағамен 
тауардың немесе қызметтің қанша көлемін сата алатындығын көрсететін қисық 
сызық. 



Ұсыныс инфляциясы
– жалақының көтерілуі мен шикізат бағаларының өсуі 
салдарынан өндірістің нақты көлемі мен жұмысбастылықтың қысқаруына 
байланысты жиынтық ұсыныстың төмендеуі нәтижесінде туындайтын инфляция. 

Ұсыныс көлемі
– сатушының белгілі бір уақыт мезетінде белгілі бір бағамен 
сатуға ұсынатын тауарларының немесе қызметтерінің жалпы шамасы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет