Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Өндіріс факторлары
– еңбек, капитал, жер және кәсіпкерлік қабілет сияқты 
экономикалық ресурстар. 

Өндірістік әлеует
– экономиканың қолда бар ресурстарды толық пайдалану 
кезінде өндіре алатын өнімінің (ЖІӨ-нің) нақты көлемі. 

Өндірістік мүмкіндіктер қисығы 
– экономикада берілген технология бойынша 
қолда бар ресурстарды толығымен пайдалану және толық жұмысбастылық 
жағдайында өндіріле алатын екі тауардың немесе қызметтің әртүрлі 
үйлесімділіктерін көрсететін қисық сызық. 

Өнеркәсібі дамыған елдер
– озық технологиялы негізгі капиталдың үлкен 
көлемін жинақтауға негізделген және біліктілігі жоғары жұмыс күшін иемденген 
нарықтық экономикасы дамыған АҚШ, Канада, Жапония және Батыс Еуропа 
елдері сияқты мемлекеттер. 

Өнеркәсіптік саясат
– экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында 
өнеркәсіптің құрылымы мен ұйымдастырылуын қалыптастырудағы үкіметтің 
тікелей қатысуына және белсенді араласуына негізделген саясат. 

Өнімділік
– орташа өнім көлемінің немесе жұмсалған ресурстардың бірлігіне 
шаққандағы нақты өнімнің көрсеткіші. Мысалы, еңбек өнімділігі нақты өндірілген 
өнім шамасын жұмыс уақытына бөлу арқылы анықталады. 



Өспелі балама шығындар заңы
– өнім өндірісін ұлғайтқан сайын сол өнімнің 
әрбір жаңа бірлігін өндіруге кететін балама шығындардың және шекті 
шығындардың өсіп отыру үрдісі. 

Өте икемді сұраныс
– тауар бағасының өзгеруін талап етпейтін сұраныс 
көлемінің өзгеруі; тұтынушылардың нарықта өзгермейтін бағамен тауар көлемін 
сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын жағдай. 

Өте икемді ұсыныс
– тауар бағасының өзгеруін талап етпейтін ұсыныс 
көлемінің өзгеруі; тұтынушылардың өзгермейтін бағамен сатып алғысы тауар 
көлемін сатушылардың сатуға деген дайындығын сипаттайтын жағдай. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет