3.2. Жұмыссыздық формасы. Оукен заңы "Толық жұмысбастылық" үғымына анықтама беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен қамтамасыз етілген деп түсінуге болады. Бірақ ол дүрыс емес. Белгілі бір Жұмыссыздық деңгейі болуға тиісті деп саналады.
Жұмыссыздық деңгейі Экономика ресурстардың қаншалықты жақсы қолданылатынына байланысты сипатталады. Негізгі экономикалық ресурс жұмысбастылықты қолдайтын жұмыс күші болады - бұл экономикалық саясаттың маңызды мақсаты.
Жұмыссыздық деңгейі - бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде).Статистика агенттігі ай сайын Жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.
Статистикалық деректер үй шаруашылығына зерттеу жүргізу негізінде жиналады. Анкета сүрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмейтіндер.Жұмыс істейтін адам деп - үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, онда ол - жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санатқа жатпайтын азаматтар (мәселен,студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.
Жұмыс күші - жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі - бұл жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Демек,
Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер саны + жұмыссыздар саны.
Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар саны х 100/Жұмыс күшінің жалпы саны
Статистика агенттігі есептейтін тағы бір статистикалық көрсеткіш, бұл пайыз түріндегі, жасы үлкен тұрғындар санының жалпы жұмыс күшіндегі үлесі:
Жасы үлкен тұрғындар санының үлесі =Жұмыс күшінің жалпы саны х 100/Жасы үлкен тұрғындар саны.
Бұл статистикалық көрсеткіш барлық тұрғындар үшін есептеледі, сонымен қатар жеке топтар үшін де қолданылады, ерлер мен әйелдер үшін, кәрі және жас адамдар үшін де есептеледі.
Мысалы: Суретте 1989 жылғы 3 санатқа бөлінген тұрғын халық саны көрсетілген. Бұл жылы көрсеткіштер мынандай болды:
- Жұмыс күшінің жалпы саны - 119,0+6,5=125,5млн.
- Жұмыссыздық деңгейі - (6,5/125,5) х 100 = 5,2%.
- Жасы үлкен тұрғын халықтың жалпы санының жұмыс күші үлесі = (125,5/188,1) x 100 = 66,7%.Сол себепті жасы үлкен тұрғындардың 2/3 бөлігі жұмыс күші құрамына кіреді, ал жұмыс күшінің 5%-ға жуығы жұмыссыздықты құрайды.
Тұрғын халық - 188,1 млн. (16 жас және одан жоғары).