Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет17/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Өте икемсіз сұраныс
– тауар бағасының өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне 
алып келмейтін жағдай; кез-келген бағаларда сұраныс көлемінің тұрақты болып 
қалуы. 

Өте икемсіз ұсыныс
– тауар бағасының өзгеруі ұсыныс көлемінің өзгеруіне 
алып келмейтін жағдай; кез-келген бағаларда ұсыныс көлемінің тұрақты болып 
қалуы. 

Пайда
– табыстар мен шығындар арасындағы айырма; кәсіпкерлік 
қабілеттіліктерін экономикаға ұсынатындардың алатын таза табыстары. 

Пайдалылық
– тауарлардың немесе қызметтердің бір немесе бірнеше 
қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қабілеті. 

Пайыз мөлшерлемесі
– ақшаны немесе капиталды пайдаланудың бағасы. 

Позитивтік экономика
– нақты деректер мен фактілерге негізделген 
экономиканың дәл қазіргі жай-күйі. 

Рейганомика
– ұсынысқа баса назар аударатын, инфляция мен 
жұмыссыздықты, яғни стагфляцияны төмендетуге бағытталған Рейган әкімшілігінің 
саясаты. 

Ренталық табыс
– экономиканы жер ресурстарымен қамтамасыз ететін 
тұлғалардың алатын табыстары. 

Ресурстар нарығы 
– үй шаруашылықтары ресурстарды сататын және 
фирмалар сол ресурстарды сатып алатын нарық. 

Ресурстардың шектеулілігі
– адамдардың шексіз қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік қабілет сияқты 
факторлардың жетіспеушілігі. 

Сала
– ұқсас тауарларды өндірумен айналысатын фирмалар тобы. 

Салық
– үй шаруашылықтары мен фирмалардың үкіметке заңдық тәртіппен 
төлейтін міндетті төлемдері. 

Салыстырмалы артықшылықтар
– қандай да бір тауарды өндіруде басқа 
өндірушіге қарағанда салыстырмалы түрде ең аз шығын жұмсау принципі. 

Сатып алушылық қабілетінің паритеті
– ұлттық валюталардың айырбас 
бағамдары олардың сатып алушылық қабілетіне тең болатынын сипаттайтын 
ереже; кез-келген екі валютаның айырбас бағамдарының нақты екі елдегі бағалар 
деңгейінің айырмашылықтарын көрсетуі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет