Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Мемлекеттік қарыз
– осы уақытқа дейін жинақталған бюджет 
тапшылықтарының жалпы сомасы; үкіметтік мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне 
деген қарыздарының жалпы көлемі. 

Мемлекеттік меншік
– орталықтандырылған мемлекетке немесе үкіметке 
тиесілі жер және капитал түріндегі меншіктің белгілі бір нысаны. 



Мемлекеттік сатып алымдар
– мемлекеттің соңғы тауарлар мен қызметтерді 
сатып алуына жұмсайтын ақшалай төлемдері. 

Мемлекеттік сектор
– мемлекетпен және үкіметпен бақыланатын ел 
экономикасының бір бөлігі. 

Мемлекеттің дәрменсіздігі
– мемлекеттік сектордың (үкіметтің) өз міндеттері 
мен қызметтерін экономикалық жағынан тиімсіз әдістер арқылы орындау 
салдарынан әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алмауы. 

Меншікті капитал 
– фирманың жиынтық активтері мен жиынтық пассивтері 
арасындағы айырма; фирма иегерлерінің активтердің жалпы көлеміндегі үлесі. 

Микроэкономика
– жекелеген экономикалық субъектілердің нарықтағы мінез-
құлықтары мен тәртіптерін зерттейтін және нақты бағаларды, нақты тауарлар мен 
қызметтерді, жекелеген нарықтарды қарастыратын экономикалық ғылымның бір 
саласы. 

Монетаризм
– кейнстік бағытқа қарсы сын айтушы балама теория; жиынтық 
өнім көлемі мен бағалар деңгейінің өзгеруі ақша ұсынысының өзгеруіне 
байланысты екендігін көрсететін бағыт. 

Монополистік бәсеке
– нарықта көптеген фирмалар бір-бірінен ерекше-ленген 
өнімдер шығаратын, бәсекелестіктің бағалық емес әдістерін кеңінен қолданатын, 
өнімнің сатылу бағасына шектеулі түрде бақылау жасай алатын жетілмеген 
бәсекенің бір типі. 

Монополия
– ұсыныстың жалпы көлеміне және өнімнің бағасына толық 
бақылау орната алатын нарықта бір ғана сатушының үстемдік жүргізуін 
сипаттайтын бәсекелестіктің ең шеткі үлгісі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет