Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Кәсіпкерлік қабілет
– адамның тауар өндіру үшін ресурстарды белгілі бір 
үйлесімділікпен қолдана алу, оңтайлы шешімдер қабылдау, өндіріске жаңалықтар 
енгізу және тәуекелге бару қабілеттілігі. 

Кәсіподақ
– өз мүдделерін қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту 
(жалақыны көтеру, жұмыс уақытын қысқарту, т.б.) үшін белгілі бір ұйымға біріккен 
жұмысшылар тобы. 

Кәсіпорын
– тауарлар мен қызметтер өндірісінде (оларды дайындауда және 
өткізуде) бір немес бірнеше қызметтерді орындайтын фирма қарамағындағы нақты 
мекеме. 

Кедейшілік
– индивид немесе отбасы қажеттіліктерінің қолда бар 
құралдарынан асып кетуі жағдайы. 

Кейнстік экономикалық теория
– капиталистік экономиканың өздігінен 
ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ете алмайтындығын және олардың 
толық қамтылуына қол жеткізу үшін бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын 
қолдану керектігін түсіндіретін және экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігін 
жақтайтын көптеген экономистермен мойындалған макроэкономикалық бағыт. 

Классикалық экономикалық теория
– капиталистік экономиканың 
мемлекеттің араласуынсыз өздігінен ресурстарды толық қолдана алатындығын 
түсіндіретін ХХ-ғасырдың 30-шы жылдарына дейін көптеген экономистермен 
мойындалған макроэкономикалық бағыт. 

Коммерциялық банктер
– халықтың уақытша бос ақша-қаражаттарын тартып 
несие берумен айналысатын және банктік операцияларды жүргізуге үкіметтен 
рұқсаты бар фирмалар. 

Коуз теоремасы
– сыртқы әсерлердің мәселесін мемлекеттің қатысуын-сыз 
өзара мүдделі жақтармен белгілі бір келісімдерге келу арқылы шешуге 
болатындығын дәлелдейтін теория. 

Көлденең кесінді
– өндіріс көлемінің өзгеруіне қарамастан бағалар деңгейінің 
тұрақтылығы сақталатын жиынтық ұсыныс қисығының көңденең бір бөлігі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет