Глоссарий абстракция


Жинақтауға деген орташа бейімділік



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория
123476, docx1549914411
Жинақтауға деген орташа бейімділік
– салықтарды төлеп болғаннан кейінгі үй 
шаруашылықтарының жинақтауға қалдырған табысының бір бөлігі; жинақтаудың 
қолда бар табысқа қатынасы. 

Жинақтауға деген шекті бейімділік
– қолда бар табыстың кез-келген 
өзгеруіндегі жинақтаудың үлесі; қолда бар табыс өзгерісінің жинақтау көлемінің 
өзгерісіне қатынасы. 

Жиынтық пайдалылық
– өнімнің жалпы көлемінің белгілі бір бөлігін тұтынудан 
алынатын жалпы пайдалылық. 

Жиынтық сұраныс
– экономикада әртүрлі бағалар деңгейінде өндірілген 
жиынтық өнім көлеміне экономикалық субъектілердің жұмсайтын жиынтық 
шығындары. 

Жиынтық ұсыныс
– бағалардың әрбір деңгейінде ұсынылуы (өндірілуі) тиіс 
тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі немесе экономикада өндірілген нақты 
жалпы ішкі өнім көлемі. 

Жұмыс күші
– он алты жастан бастап және одан жоғары жастағы жұмыс 
істейтін азаматтардың және жұмыссыздардың жалпы саны; еңбекке жарамды 
барлық экономикалық жағынан белсенді халық. 

Жұмысбастылық деңгейі
– жұмысы бар азаматтардың жұмыс күшінің жалпы 
санындағы үлесі. 

Жұмыссыздық
– еңбекке жарамды халықтың белгілі бір уақыт аралығында 
белгілі бір себептермен жұмыс істемеуі немесе жұмыс таба алмау жағдайы. 

Жұмыссыздық деңгейі
– жұмыс күші құрамындағы жұмыссыз адамдар-дың 
үлесі; жұмыс күшінің жұмыссыздардың жалпы санына қатынасының жүз пайызға 
көбейтіндісі. 

Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
– толық жұмысбастылық пен ресурстардың 
экономикаға толық тартылуы жағдайында орын алатын және инфляция қарқынын 
үдетпейтін жұмыссыздықтың қалыпты деңгейі. 

Икемділік коэффициенті
– сұраныс (немесе ұсыныс) көлемінің пайыздық 
өзгеруінің тауар бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасының нәтижесі. 

Икемді сұраныс
– мәні 1-ден үлкен сұраныс икемділігінің коэффициенті; 
бағаның пайыздық өзгеруінің сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруінен аз болу 
жағдайы. 

Икемсіз сұраныс
– мәні 1-ден кіші сұраныс икемділігінің коэффициенті; 
бағаның пайыздық өзгеруінің сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруінен көп болу 
жағдайы. 

Икемді ұсыныс
– мәні 1-ден үлкен ұсыныс икемділігінің коэффициенті; 
бағаның пайыздық өзгеруінің ұсыныс көлемінің пайыздық өзгеруінен аз болу 
жағдайы. 

Икемсіз ұсыныс
– мәні 1-ден кіші ұсыныс икемділігінің коэффициенті; бағаның 
пайыздық өзгеруінің ұсыныс көлемінің пайыздық өзгеруінен көп болу жағдайы. 

Импорт
– берілген елдің жеке тұлғаларының, фирмалардың және үкіметтің 
басқа елдерде өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсайтын 
шығындары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет