Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет5/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Бюджет тапшылығы
– белгілі уақыт аралығында мемлекеттік бюджет 
шығындарының оның кіріс көздерінен асып кету жағдайы. 

Валюта
– қағаз және металл ақшалар. 

Валюталық бағам
– бір ел валютасының екінші бір елдің валютасына 
шаққандағы құны. 

Валюталық бақылау
– үкіметтің ел азаматтары мен фирмалардың шетел 
валютасына деген сұраныстарын және төлем балансы тапшылығын жою үшін 
өздерінің сыртқы төлемдерін шектеу мақсатында валюталық бағамдарды 
қадағалап отыруы. 

Валютаның айырбас бағамы
– меншікті ұлттық валютаның шетел 
валютасының бірлігіне төленетін бағасы. 

Гиперинфляция
– бағалар деңгейінің өте жылдам қарқынмен шарықтап өсу 
құбылысы. 

ҒЗТҚЖ (НИОКР)
– ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелік-құрастырым 
жұмыстары. 

Дәстүрлі экономика
– шектелген экономикалық ресурстарды қолдану-дың 
тәжірибесі ғасырлар бойы жинақталған және атадан балаға қалған салт-
дәстүрлермен анықталатын экономикалық жүйе. 

Девальвация
– валютаның заңдық тәртіппен бекітілген құнының төмендеуі. 

Дедукция 
– жалпыдан жекеге қарай ой түйіндеу және қорытынды жасау. 

Дезинфляция
– инфляцияның өсу қарқынының бәсеңдеуі немесе оның толық 
тоқтатылуы. 

Демпинг
– тауарларды олардың өзіндік құнынан төмен қылып басқа елде сату. 

Дефляция
– экономикадағы бағалардың орташа деңгейінің төмендеуі. 

Дотация (демеуқаржы)

өнімді өндіру мен өткізуге жұмсалған шығын алынған 
пайдамен, табыспен өтелмейтін залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау үшін 
бюджеттен бөлінетін ақшалай қаражат; мемлекеттің зияндарды өтеу үшін не басқа 
да мақсаттарға арнап азаматтарға, жекелеген ұйымдарға қосымша төлем ретінде 
беретін ақшалай жәрдемі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет