Асимметриялық ақпарат – нарықта сатушының (сатып алушының) сатып
алушыға (сатушыға) қарағанда тауарлар немесе қызметтер туралы аса маңызды
ақпараттарға ие болу жағдайы.
Атаулы жалақы – жұмыскердің жұмыс уақытының бірлігіне (сағатына, күніне
және т.б.) алатын ақшалай табысының көлемі.
Атаулы пайыз мөлшерлемесі – елдегі инфляция қарқынын ескермейтін
банктің тағайындаған ағымдағы нарықтық пайыз қойылымы.
Атаулы табыс – жекелеген тұлғалардың және топтардың белгілі бір нақты
уақыт аралығында тапқан табыстарының ақшалай көлемі.
Ашық нарықтағы операциялар – мемлекеттің орталық банк арқылы
айналымдағы ақша массасын реттеу үшін бағалы қағаздарды сату және сатып алу
әрекеттері.
Ашық экономика – тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортын жүзеге
асыратын елдің экономикасы.
Әлеуетті бәсекелестік – салада жұмыс істейтін фирмаларға жоғары
экономикалық пайда алуды қамтамасыз ететін жаңа фирмалардың сол салаға кіру
мүмкіндіктері.
Әміршіл-әкімшіл экономика – барлық материалдық ресурстар мемлекеттік
меншікті құрайтын және экономикалық қызметтің бағыты орталықтандырылған
экономикалық жоспарлау жолымен жүзеге асырылатын шаруашылықты
ұйымдастырудың бір әдісі.
Әріптестік – екі немесе одан да көп тұлға иелік ететін және басқаратын
корпоративтік (акционерлік емес) емес фирма.
«Әртүрлі тең жағдайларда» болжамы – қарастырылып отырған
айнымалыдан басқа барлық басқа айнымалылардың өзгеріссіз қалуын болжау.
Баға – тауарлар мен қызметтер бірлігіне алынатын және төленетін ақша
(немесе басқа тауарлар мен қызметтердің) саны.
Бағалық емес бәсеке – фирмалардың өнімнің сатылу көлемін ұлғайту
мақсатында қолданатын әдістері. Оларға өнімді ерекшелендіру, жарнама және
өткізуді ынталандыру бойынша шаралар жатады.