Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет9/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Импорттық квота
– белгілі бір уақыт аралығында елдің басқа елдерден 
келетін тауарлар көлеміне шектеу енгізуі. 

Инвестициялар
– өндіріске, өндіріс құрал-жабдықтарын жинақтауға және 
материал қорларын көбейтуге кететін шығындар. 

Инфляция
– экономикада бағалардың жалпы (орташа) деңгейінің көтерілуі. 

Инфляциялық күтім
– жұмысшылардың, фирмалардың және тұтыну-
шылардың болашақта бағалар маңызды түрде өседі деп пайымдауы. 

Инфрақұрылым
– мемлекетпен қамтамасыз етілетін азаматтар мен 


фирмалардың қолданатын күрделі құрылыс түрлері (автомагистральдар, көпірлер, 
қалалық көлік жүйелері, сумен жабдықтаудың жергілікті жүйелері, әуежайлар, суды 
тазарту құрылғылары, т.б.). 

Индукция
– жекелеген нақты мәліметтерден жалпы қорытын-дыға келу. 

Капитал
– өндірістік қызметтің нәтижесінде жасалған және тауарлар мен 
қызметтер өндірісі үшін қолданылатын кез-келген ресурстар; инвестициялық 
тауарлар мен өндіріс құрал-жабдықтары түріндегі адамдардың қажеттіліктерін 
тікелей қанағаттандырмайтын тауарлар. 

Капитал қозғалысының есебі
– капиталдың келуі мен кетуі тіркелетін елдің 
төлем балансының бір бөлімі. 

Капитал сиымды тауар
– өндірісінде капиталдың салыстыр-малы түрде 
едәуір көлемі қолданылатын өнім. 

Капиталдың келуі
– осы ел тұрғындарының қолындағы нақты және қаржылық 
капиталды иемденуі үшін басқа ел тұрғындарының жұмсайтын шығындарының 
сомасы. 

Капиталдың кетуі
– капиталдың жоғары салық салудан, инфляциядан қашу 
үшін немесе оның инвестициялаудың ең тиімді жолдарын қамтамасыз ету 
мақсатында дамушы елдерден өнеркәсібі дамыған елдерге ағылуы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет