«Көрінбейтін қол»
– қоғам мүдделерін ең жақсы жағынан қамтамасыз ету және
қажеттіліктерді максималды түрде қанағаттандыру
мақсатында фирмалардың
және ресурс иелерінің бәсекелес нарықтарда мүмкіндігінше көбірек пайда
табуларына итермелейтін ынталары мен күш-жігерлері.
Қағаз ақшалар
– айналым құралы ретінде қолданылатын қағаз белгілері.
Қалыпты пайда
– фирманың өзінің кәсіпкерлік қабілетін жүзеге асыруына және
өз аумағында ұстанып қалуына мүмкіндік беретін кәсіпкерлік
табыстың ең
минималды көлемі; жасырын шығындар.
Қалыпты тауарлар
– табыс өскенде (қысқарғанда) тұтынушының кез-келген
бағамен үлкен (кіші) көлемде сатып алуға дайын тауарлары.
Қоғамдық игіліктер
– нарық жағдайында өндіріле алмайтын және өндірісі
мемлекетпен қамтамасыз етілетін қоғам үшін маңызды пайдалылықтар алып
келетін тауарлар немесе қызметтер.
Қолда бар табыс
– жеке табыс салықтарын төлегеннен кейінгі тұтыну мен
жинақтауға арналған жеке табыстар.
Қосарлы есептеу
– аралық өнімдер құнын жалпы
ішкі өнім құрамында есепке
алу.
Қосылған құн
– фирманың сатуға тиіс тауар құны мен сол тауарды өндіруге
қолданылған және сатып алынған ресурстар құны арасындағы айырмашылық;
жалақы, пайыз, рента және пайда сияқты табыстардың теңдігі.
Достарыңызбен бөлісу: