Глоссарий абстракция



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата12.12.2023
өлшемі477,64 Kb.
#196648
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
Байланысты:
Глоссарий Эко.теория

Саяси іскерлік цикл
– сайлау науқаны кезінде салықтарды төмендету және 
мемлекеттік шығындарды арттыру жолымен және сайлау аяқталғаннан кейін 
салықтарды көтеру мен мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы үкіметтің 
экономиканы тұрақсыздандыруға деген бейімділігі. 

Соңғы өнімдер
– белгілі бір жыл аралығында қайта сату, қайта өңдеу үшін 
емес, соңғы пайдалану үшін сатып алынған тауарлар. 

Стагфляция
– елде өндірістің құлдырауымен және жұмыссыз-дықтың жоғары 
деңгейімен ұласатын инфляция; бағалар деңгейі мен жұмыссыздық деңгейінің бір 
уақытта көтерілуі. 

Субвенция (жәрдемқаржы)
– мемлекеттің жергілікті билік органдарына 
беретін ақшалай жәрдемі, яғни ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық 


ұйымдардың бюджеттерін мақсатты түрде қаржыландыру үшін тегін берілетін 
мемлекеттік қаражаттың тіркелген көлемі. 

Субсидия (көмекқаржы)
– мемлекет жергілікті үкімет органда-рына, заңды 
және жеке тұлғаларға немесе басқа мемлекеттерге мемлекеттік бюджет есебінен 
беретін көбінесе ақшалай нысандағы көмекқаржылары. 

Сұраныс
– сатып алушының белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір бағамен 
тауардың немесе қызметтің белгілі бір көлемін нарықта сатып ала алу қабілеті; 
төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. 

Сұраныс заңы
– тауардың бағасы мен оның сатып алу көлемі арасындағы кері 
байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. 

Сұраныс қисығы
– сатып алушының белгілі бір уақыт аралы-ғында әртүрлі 
бағамен тауардың немесе қызметтің қандай да бір көлемін сатып алуға деген 
дайындығын көрсететін қисық сызық. 

Сұраныс инфляциясы
– жиынтық сұраныстың өсуімен байланысты 
туындайтын инфляция. 

Сұраныс көлемі
– сатып алушының белгілі бір уақыт мезетінде белгілі бағамен 
сатып алғысы келетін тауарларының немесе қызметтерінің жалпы шамасы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет