Бұқаралық партиялар – үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері,
белсенділері көп партиялар. Олардың ресми мүшелері болмайды. Партиялық билет
алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, АҚШ-тың республикалық жəне
демократиялық партиялары, Ұлыбританияның лейбористер партиясы т.б.
Бұрмалаушылық – өз мақсатына жету үшін шындықты бұрмалау, жасандылық,
жалғандылық.
Бюрократизм – істің мəніне немқұрайды, формальды қарау, істі көпке созу.
Вето – тыйым салу; вето құқығы – заң шығаратын орындардың қарарына тыйым
салу немесе заңның күшін тоқтату.
Вотум – өкіметке я оның кейбір мүшелеріне (министрлеріне) сенім білдіру (вотум
доверия) немесе сенім білдірмеу (вотум недоверия) мақсатында сайлау арқылы
қабылданған шешім. Мысалы, парламент үкіметке сенім білдірмесе, ол, əдетте,
жұмыстан кетуге мəжбүр болады.
Геноцид – адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты
əдейі қыру емесе қудалау. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік
Германия еврейлер мен цыгандарға қарсы осындай саясат жүргізеді. Қазіргі кезде ол
халықаралық қылмыс болып саналды.
Геосаясат – сыртқы саясатты географиялық факторларға (аумағына, ауа райына,
қазба байлықтарына т.б.) байланысты жүргізетін саясат. Бұл теорияның негізін қалаушы
Ф. Ратцель, Х. Маккиндер т.б. қоғамның экономикалық, саяси, əлеуметтік жағдайы мен
даму барысы географиялық ортаға байланысты дейді.
Глобальдылық – бүкіл жер шарын қамтитын, əлемдік мəселелерді шешуге
арналған ғылыми бағыт. Қазіргі ғаламдық мəселелерге термоядролық соғысты
болдырмау, айналадағы ортаны экологиялық апаттан қорғау, жер бетінде
демографиялық жағдайды тұрақтандыру, халықаралық терроризм, нашақорлық,
маскүнемдік, СПИД-тің өріс алуын тоқтату жəне т.с.с. жатады.
Гуманизм – қайта өркендеу дəуірінде дін мен феодализм құрсаунан адам баласын
босатып, еркін жетілуді мақсат еткен əлеуметтік қозғалыс. Саяси салада адамдардың
дұрыс қалыптасуы мен дамуына қажетті əлеуметтік- эканомикалық, саяси жəне рухани
жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған саяси көзқарастар,идеялар жүйесін
білдіреді.
Декларация – үкіметтің, саяси партияның, халықаралық ұйымның атынан қандай
болмасын негізгі қағидаларды, мақсат-мүдделерді жариялайтын мəлімдеме.
Делегат – съезде, конференцияда, конгресте жəне т.с.с. мемлекеттің, ұйымның,
ұжымның, партияның мақсатын көздейтін өкілі.
Демократия – халық билігін, заңдылықты мойындап, азаматтардың теңдігін,
құқықтары мен бостандықтарын қадірлеуге негізделген мемлекеттік органдардың
сайланып қойылуын жəне олардың жұмысы халықтың бақылауында болуын, сайлау
құқығы бəріне тең болуын, адамдардың экономикалық жəне саяси қорғалуын, шешім
қабылдағанда азшылықтың көпшілікке бағынуын, сонымен қатар азшылықтың да пікірі
еске алынуын жəне т.б. қалайтын қоғамның саяси жəне экономикалық құрылыс түрі. Бұл
– тарихи ұғым. Адамзат тарихының даму кезеңдеріне сай оның принциптері өзгеріп,
байып отырады.