Глоссарий академиялық күнтізбе



Pdf көрінісі
бет39/39
Дата11.03.2022
өлшемі319,68 Kb.
#135276
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
ГЛОССАРИЙ

Халықаралық қатынастар
– халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер 
арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси, экономикалық, құқықтық, 
демократиялық, əскери, мəдени байланыстар жəне оларды іске асырушы əлеуметтік, 
экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы. 
Хартия
– 1) жекелеген мемлекеттік немесе халықаралық жарғылар. Мысалы, 
Еркіндіктің Ұлы хартиясы. Кейде бұлай деп саяси қозғалыстың негізгі талаптары 
жарияланған құжаттарды да айтады; 2) ескі қолжазбалық құжат. 
Центризм
– саясатта оңшылдар мен солшылдардың арасында орталық қалыпты 
ұстанатын партиялық бағыт. 
Ішкі саясат
– мемлекеттің өз ішіндегі əлеуметтік-саяси құрылысты сақтау немесе 
өзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты. 


Эклетизм
– саясатта əр түрлі (кейде тіпті қарама-қарсы) көзқарастарды, идеяларды, 
теорияларды араластыру. Оның негізгі кемшілігі көптеген байланыс қатынастарының 
ішінде негізін таба білмеуде. Бұл атауды ежелгі грек фəлсафашысы Потаман кіргізген 
болатын. 
Экстремизм
– 1) саяси жəне басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау 
тəсілдерін пайдаланатын əрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық 
принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен 
шешуге мүмкіндік бермейді; 2) шектен шыққан көзқарастарға жəне шараларға бет 
бұрушылық. 
Электорат
– халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына, жеке 
қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы. 
Элита
– саясатта, экономикада, рухани өмірде өздерінің білімділігімен, 
іскерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы. Бұл 
теорияның негізін салушылар итальяндық Г. Москва мен В Парето. Олардың ойынша, 
саясат, экономика жəне ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар 
қоғамды билейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет