Халықаралық қатынастар
– халықтар,
мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер
арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси, экономикалық,
құқықтық,
демократиялық, əскери, мəдени байланыстар жəне оларды іске асырушы əлеуметтік,
экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығы.
Хартия
– 1) жекелеген мемлекеттік немесе халықаралық жарғылар. Мысалы,
Еркіндіктің Ұлы хартиясы. Кейде бұлай деп саяси қозғалыстың негізгі талаптары
жарияланған құжаттарды да айтады; 2) ескі қолжазбалық құжат.
Центризм
– саясатта оңшылдар мен солшылдардың
арасында орталық қалыпты
ұстанатын партиялық бағыт.
Ішкі саясат
– мемлекеттің өз ішіндегі əлеуметтік-саяси құрылысты сақтау немесе
өзгерту мақсатындағы жүргізген саясаты.
Эклетизм
– саясатта əр түрлі (кейде тіпті қарама-қарсы) көзқарастарды, идеяларды,
теорияларды араластыру. Оның негізгі кемшілігі көптеген байланыс қатынастарының
ішінде негізін таба білмеуде. Бұл атауды ежелгі грек фəлсафашысы Потаман кіргізген
болатын.
Экстремизм
– 1) саяси жəне басқа мақсаттарға жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау
тəсілдерін пайдаланатын əрекет. Ол ұлтаралық араздықты қоздырады, демократиялық
принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен
шешуге мүмкіндік
бермейді; 2) шектен шыққан көзқарастарға жəне шараларға бет
бұрушылық.
Электорат
–
халықаралық ұйымдарға, мемлекет басқару органдарына, жеке
қызметкерді сайлау кезінде дауыс беруге құқығы бар адамдар тобы.
Элита
–
саясатта, экономикада, рухани өмірде
өздерінің білімділігімен,
іскерлігімен, асқан мамандығымен ерекше жағдайға ие болған адамдар тобы. Бұл
теорияның негізін салушылар итальяндық Г. Москва мен В Парето. Олардың ойынша,
саясат, экономика жəне ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар
қоғамды билейді.