Объект – субъектінің танымдық жəне басқа іс-əрекеті бағытталған зат.
Саясаттанудың объектісіне саясат əлемі жатады.
Одақ – жалпы саяси мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан бірлестік. Парламентте
партиялардың депутаттар тобы қандай болмасын бір заңды қолдау немесе қабылдамау
үшін блоктар құруы мүмкін. Сайлау науқаны кезінде саяси мақсаттары, көзқарастары
жақын партиялар бірігіп, іс-əрекет жасамақ болып өзара келіседі. Экономикалық, əскери
жəне т.б. мəселелерді шешу үшін мемлекетаралық одақтар да құрылады. Мысалы,
НАТО, ОПЕК жəне т.с.с.
Олигархия – саяси жəне экономикалық билік азғантай топтың қолында тұрған
биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі. Ондай билік қаржы саласында да болуы
мүмкін. Сондықтан қаржы олигархиясы деп те атайды.
Оппозиция – 1) бір саясатқа, саяси іс-əрекетке, қайраткерге қарсылық ету, кедергі
жасау; 2) партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе
үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы. Демократиялық елдерге парламенттік оппозицияны
əдеттегі, дұрыс жағдай деп санайды. Олар билеушілерге қарсы тежемелік, тепе-теңдік
қызмет атқарады.