Сайлаушы – сайлауда, референдумда жəне т.с.с. бір үміткер үшін немесе басқа
мəселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам.
Саммит – сыртқы саяси келісімдер жүргізіп, шешімдерге келу үшін мемлекеттердің
жоғарғы басшыларының кездесуі.
Санкция – 1) жоғарғы сатыда тұрған мекеме, ұйым жəне т.с.с. төменгі
сатыдағыларға бір мəселені жүзеге асыруға рұқсат етіп, бекітуі; 2) бейбіт өмірді немесе
ресми келісімді бұзған мемлекетке қарсы халықаралық ұйымның қолданған шарасы.
Мысалы, БҰҰ жарғысында халықаралық шартты бұзған жаққа қарсы Қауіпсіздік
Кеңесінің шешімі бойынша дипломатиялық, экономикалық, əскери жазалау шаралары
қарастырылған.
Саясат – алғашында мемлекеттік жəне қоғамдық істер немесе мемлекеттік басқару
шеберлігі деген мағынаны білдірген. Кейін келе оның мағынасы кеңейді жəне мынаны
білдіреді: 1) өз мүдделерін іске асыруға, қорғауға бағытталған жəне саяси билікті басып
алуға, қолында ұстауға, оны пайдалануға тырысушылықпен байланысты мемлекеттер,
топтар, ұлттар, үлкен əлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар саласындағы
азаматтар мен жеке адамдар билігінің мекеме, бірлестіктердің қызметі; 2) мемлекеттің
істеріне қатысу, оның қызметінің түрін, мақсат, мазмұнын анықтау; 3) адамзат
қоғамының даму тарихында бұл ұғым көбінесе шебер жасырылған басшылар мен оның
сыбайластарының ниеттерін, мақсаттарын жəне амал-əрекеттерінің түрлерін білдіреді;
4) əдеттегі тілде – адамдардың өзара қатынастарында белгілі бір мақсатқа жетуге
бағытталған іс-əрекеттің сипаты; 5) мемлекеттік жəне қоғамдық өмірдің күнделікті
мəселелер немесе оқиғалар жиынтығы.
Саясат ғылым – біріншіден, саясат қоғамдық-саяси өмірдің маңызды бір саласы
жөнінде білім көзі болып, ол туралы жан-жақты ғылыми мағлұмат береді, екіншіден,
нағыз адамгершілік саясат қоғамдық даму заңдылықтарына сай пайда болады, оларды
ашып, іске асырғанда басшылыққа алады, ғылымға негізделеді, саяси жұмыс жемісті
болу үшін ғылыми терең зерттеулер жүргізу қажет.