1.6 Қосалқы алгоритм - күрделі алгоритмдердің бірнеше жай алгоритмге бөлінуі арқылы негізгі алгоритмге қажетті уақытында ғана шақырылатын, жалпылама жағдайға негізделіп дербес құрылатын алгоритмдер.
1.7 Сызықты алгоритмдер - операциялардың реті алгоритмнің өз структурасымен анықталған және енгізетін шамалардың жеке мәндеріне тәуелсіз алгоритмдер.
1.8 Тармақты алгоритм - енгізетін шамалардың жеке мәндеріне тәуелді, бірнеше әрекеттердің біреуінің орындалуын тағайындау.
1.9 Циклдік алгоритм - енгізетін шамалардың жеке мәндеріне тәуелді бір немесе бірнеше әрекеттердің қайталануын тағайындау.
1.10 Енетін шамалар немесе аргументтер - алгоритм үшін бастапқы берілгендер немесе алғашқы информация болып табылатын шамалар.