Глоссарий (анықтама, сөздік) Ақпарат- латынның «түсіндіру»



бет1/5
Дата22.11.2022
өлшемі22,44 Kb.
#159328
түріМазмұндама
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Ãëîññàðèé (àíû?òàìà, ñ?çä³ê) À?ïàðàò


Глоссарий (анықтама, сөздік)


Ақпарат- латынның «түсіндіру», «мазмұндама» деген сөзінен шыққан. Бір нәрсені жетілдіріп түсіндіру. Ақпарат алмастырылады, сақталады, өңделеді және белгілі бір мәселені шешу үшін қолданылады.
Әдіснама- немесе методология (грекше methodos – әдіс; logos – ілім, ғылым) – 1) ғылыми таным әдістері туралы теория; 2) ғылымның қайсыбір саласында қолданылатын әдістер жиынтығы.
Әдістеме – педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетінбілім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы..
Әлеуметтендіру – білім алушыны қоғамда өмір сүруге бейім болуын, әлеуметтік тәжірибені, нормалар мен құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды қайта жаңғырта алуын қамтамасыз ету (нормативті-құқықтық түсіндірмесі).
Әртүрлі нұсқадағы оқу әдебиеті – білім беру вариативтілігі жағдайында құзырлы мемлекеттік органның оқу орындарына пайдалануға рұқсат ететін, әрбір пәнге арналған бірнеше, бір-біріне балама оқулықтар мен ОӘК-лер.
Білім беру - адамның, қоғамның және мемлекеттің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған,мемлекетпен белгіленген білімдік деңгейлерге азаматтың жету айқындылығымен сүйемелденетін, тәрбиелеу мен оқытудың мақсатты бағытталған үрдісі
Базистік оқу жоспары – жалпы орта білімнің тиісті сатысындағы мазмұнының тізбесі мен көлемін, оны игеру тәртібін регламенттейтін негізгі құжат (нормативті-құқықтық түсіндірмесі).
Бихевиоризм (ағылшынша bihaviour – мінез-құлық) – ХХ ғасырдың бас жағында пайда болған теориялық ағым, Б. жақтаушылары сананы емес, мінез-құлықты психологияның зерттеу пәні деп есептейді. Олар мінез-құлық деп организмнің сыртқы орта тітіркендіргіштеріне деген жауабын айтады. Сыртқы орта тітіркендіргіштері, қарапайым не күрделі ситуациялар – бұл стимулдар, ал іс-әрекетпен қайтарылатын жауап – реакция.
Білім-білік, дағды (ББД) – педагогикалық жүйелердегі білім беру процестерінің стандартталған мазмұнын сипаттауда қолданылатын ұғымдар үштағаны. Бұл ұғымдар арақатынасының сипатын олардың анықтамаларынан байқауға болады. Білім – бұл қоршаған дүниені танып білудің практикамен расталған нәтижесі. Білік (қолданылып жүрген балама нұсқалары «ептілік», «іскерлік», «шеберлік») – адамның белгілі бір қызметті біліміне сүйене отырып, өзгерген не жаңа жағдайда тиімді атқару қабілеті. Дағды дегеніміз – қайсыбір іс-әрекетті оның әрбір элементін бақыламай-ақ автоматты түрде орындау қабілеті.
Гуманизм – бихевиоризм мен фрейдизмге, сондай-ақ оның необағыттарына антитеза ретінде 1960-жылдары жарияланып, тарай бастаған ағымның бірі. Г-ге негізделген сенім бойынша адамдар өзге тіршілік иелерінен ерек, біздің бойымыздағы қасиеттер жануарларда кездеспейді. Гуманистік теория «ортамен теңесуді», бар тәртіпке бейімделуді білдіретін конформизмнен және мінез-құлықтың сыртқы биологиялық және (немесе) әлеуметтік факторлармен себептелетініне сендіретін детерминизмнен бас тартты.
Дидактика- жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын зерттейді.Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады.
Дәріс курсы – оқу пәні бойынша бір автордың немесе пәннің бір мәселесіне арналған бірнеше автордың өзара байланысты дәрістері. Бұл дәрістер қайсыбір проблемаларды, даулы деген мәселелерді көтереді, автор (авторлардың) жеке, өзіндік көзқарасын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет