Глоссарий Анықтау – алдын ала тергеуден зерттеу субъектісі және затына байланысты ерекшеленетін зерттеу нысаны. Аномия



Дата21.11.2023
өлшемі15,31 Kb.
#192752
Байланысты:
Глоссарий заң


Глоссарий
1.Анықтау – алдын ала тергеуден зерттеу субъектісі және затына байланысты ерекшеленетін зерттеу нысаны.
2.Аномия – қоғамның бағалық – ережелік жүйесіндегі кемшіліктер ретінде құқықтың беделінің түсуін, әлеуметтік ережелердің даралықтың мінез – қылығына ықпал етуінің тым төмен дәрежесін, қоғамның әлеуметтік тұрақсыздығына байланысты әлеуметтік ережелердің реттеушілік қызметінің бұзылуын көрсетеді. Аномия түсінігін Э.Дюркгейм енгізген.
3.Делинквентті мінез – қылық – қателікті мінез – қылық.
4.Ақиқат – пікірдің дәлелділігі, оның шындыққа сайлығы.
5.Дәлелдерді зерттеу — дәлелдердің мазмұнын, шындығын және дәлелдік құндылығын анықтау.
6.Жеке адамды зерттеудің әдістері – жеке адамның психикалық сапаларын зерттеудің жолдарының, тәсілдерінің, процедураларының жиынтығы.
7.Тінту — қылмысты ашуға дәлелдік маңызы бар заттар мен құжаттарды табуға және көндіріп алуға бағытталған тергеу әрекеті.
8.Оқиға орнын қарау — бұл оқиға орнының жағдайын оқиғаның материалдық іздерін табу мен бекіту үшін, тергеу болжамдарын жасау мен қылмыстың құрамдық белгілерінің бар немесе жоқ еккендігін анықтау үшін қажетті мәліметтерді тікелей тануға бағытталған тергеу әрекеті. Оқиға орнын қарау бұл өткен оқиғаның ойлық моделін қазіргінің фактыларын қабылдау арқылы қалпына келтіру, қайта жасау процессі. Бұл процесс сол объектілердің материалдық модельдерін қазіргі уақытта қабылдау арқылы жеңілдетіледі. Оқиға орнын қарау аса қажетті және ауыстыруға келмейтін тергеу әрекеті болып табылады.
9.Тергеуші – ішкі істер органдарының, прокуратураның, ҰҚК – нің алдын ала тергеуді жүзеге асырушы лауазымды қызметкері.
10.Өмірбаяндық әдіс – даралықтың психикалық ерекшеліктерін оның өмір жолын талдай отырып зерттеудің тәсілі.
11.Болжам (версия) – құбылыстың себебін тікелей зерттеу мүмкіндігі жоқ кезде, бірақ оның салдарларын зерттеу мүмкіндігін пайдалана отырып, бастапқы деректерді түбірлі салыстыру арқылы жүргізу. Тергеу және сот әрекетінде болжам барлық мүмкін салдарларды тауып, оларды тексеру үшін ұсынылады.
12.Дәлелдеу – қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға қажетті дәлелдерді жинау, зерттеу, бағалау және пайдаланудың процессі ретінде екі жағымен көзге түседі: танымдық және куәлендіруші.
13.Жауап алу – азаматтық және қылмыстық процесстердегі істі дұрыс шешу үшін маңызды жағдайлар туралы мәліметтерді алуға, бекітуге байланысты соған өкілетті адамдар (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот) жүзеге асыра алатын тергеу мен сот әрекеті.
14.Жанама жауап алу – «бейтарап» сұрақтар жүйесін қоя отырып жауап берушінің сақтану – қорғану реакциясын туғызбай деректер алуға мүмкіндік беретін тактикалық тәсіл.
15.Криминальдық психология – қылмыскердің, қылмыстық топтың және қылмыстық әрекеттің психологиясы мен құқық бұзушы мінез – қылықтың психологиялық механизмдерін зерттейтін заң психологиясының саласы.
16.Криптография – хатты бөтен адамдар оқи алмайтындай етіп өзгерістер енгізуден көзге түсетін құпия жазу, қылмыскерлердің құпия араласу құралдарының бір түрі.
17.Методологиялық бөлім – заң психологиясының даму тарихы мен әдістерін, міндеттерін, жүйесін зерттейді;

18.Құқықтық психология – заң психологиясының бір бөлімі – құқық негізін жүзеге асыруды, жеке адамның құқықтық әлеуметтенуінің психологиялық заңдылықтарын; құқықтық әлеуметтенудегі ақауларды зерттейді;

19.Криминалдық психология – қылмыскердің жеке басының психикалық ерекшеліктерін қылмыстық тәртіптін мотивін басқа қылмастардың (зорлау, жеткіншектердің қылмысы және т.б.) мотивін зертейді;

20.Оперативтік–тергеу психологиясы – заң психологиясының тергеу бөлімі: қылмысты зертту және әшкерелеудің психологиялық аспектілерін зерттейді;

21.Пенитенциарлы психология – қылмыстық айып жазалауды еңбек колонияларында өтеу;

22.Виктимология – жәбір шеккен адам жайлы ілім
23.Аддиктивті қылық әрекет – шындықтан қашу мен қажетті эмоцияларды алу мақсатында белгілі бір заттарды қолдану немесе арнайы белсенді қылық-әрекет жасауды білдіреді;

24.Антиәлеуметтік қылық-әрекет– қылық-әрекеттің антиәлеуметтік, құқыққа қарсы, аморальды-адамгершіліксіз формасында болатын заңдар мен адамдардың құқықтарына қысым көрсетілетін әрекеттерді білдіреді.

25.Суицидті қылық-әрекет - өзін-өзі өлтірумен сипатталады;

26.Конформды қылық-әрекет – дербестіліктен бөлектенген адамға тән. Бұндай қылық-әрекет түріне ие адам сыртқы авторитеттерге бейімделген, бағытталған болады;

27.Нарцистік қылық-әрекет типіне жататын адам өзін басқалардан жоғары, керемет сезіну сезімімен басқарылады;

28.Фанатикалық қылық-әрекет – белгілі бір идеяға, көзқарасқа деген соқыр бағыттылықпен ерекшеленеді;

29.Аутистикалық қылық-әрекет – адамдардан, қоршаған шындықтан бөлектенуімен, өзіндік фантазия әлеміне енуімен сипатталады.
30.Коррупция – қызметкердлердің, қоғам қайраткерлерінің сатылғыштығы;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет