Компьютерлік желілер – арналар көмегімен бір жүйеге біріктірілген компьютерлер жиыны.
Модем – арнайы типті байланыс жүйесінде цифрлы, сигналды, аналогты формаға және осы істі керісінше орындайтын модулятор және демодулятор құрылғысы
Шолушы – Интернет клиенттерін программалық жасақтауда – желіде бағыттау жасауға, ақпаратты іздестіру мен қарап шығуға, жеткізуге және т.б. арналған аспаптық құралдар.
Пошталық жәшік – компьютерге сырттан келіп түскен мәліметтер сақталатын файл.
Пошталық хабар – электронды поштада тілшілер арасында мәтіндік, дыбыстық және графикалық ақпараттар алмасу бірлігі.
Провайдер Интернет – интернетте қызмет көрсету провайдері. Желімен байланысқысы келетін компьютерлерді, оларды талабы бойынша интернетке тікелей қосуды, олардың серверлермен қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Іздеу – орындау нәтижесі берілген тақырып бойынша сақтауыш құрылғыда сақталған мәліметтерді таңдап алуға болатын операциялардың, әдістер мен процедуралардың жиынтығы.