Мәліметтер қоры (МҚ, data base, DB) – МҚБЖ басқаратын, өзара байланысқан мәліметтер жиыны.
Қарапайым тілмен атйқанда мәліметтер қоры жазулар мен файлдардың белгілі бір ретпен реттелген жиыны.
Мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ, DBMS) – мәліметтер қорының физикалық және логикалық құрылымына анықтама беретін, ақпарат енгізуді және оны өңдеуді қамтамасыз ететін программалық жүйе.
МҚБЖ негізгі 3 функцияға ие: мәліметтерді анықтау, мәліметтерді өңдеу, мәліметтерді басқару.
Мәліметтерді анықтау. Мәлімететр қорында сақталатын ақпараттың типі, құрылымы, олардың арасындағы байланыс, тексеру критерийлері анықталады.
Мәліметтерді өңдеу. Мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады: сұрыптауға, фильтрлеуге т.б. Басқа да байланысқан ақпараттармен біріктіруге, қорытынды мәндерін есептеуге болады.
MS Access МҚБЖ негізгі объектілері
Ассess-те ақпаратты сақтаудың көптеген түрі бар. Осы МҚБЖ жұмыс жасағанда қолданылатын негізгі объектілер келесілер:
Кесте. МҚ негізгі объектісі. Кестеге сүйене отырып, форма, есеп, сұраныстар құрылады. Бір МҚ бірнеше кестелер бола алады.
Форма. Кей жағдайда әр түрлі жазуларда сақталған ақпаарттарды енгізу қолайлы. Форма көмегімен кестедегі мәліметтердің қаншасын көргіңіз келсе, соны көре аласыз. Формамен жұмыс жасағанда кестедегі барлық ақпаратты көре аласыз және ол көркем, көрнекі түрде беріледі. Мұнда мәліметтерді енгізуге және жоюға болады.
Есеп. МҚ жұмыс жасағанда керек ақпаратты баспаға шығару керек болады. Есепті осы кезде қолданған қолайлы. MS Access-те есеп көмегі арқылы сұрыптау, есептеу, реттеу әрекеттерін жүргізуге болады.
Сұраныс. MS Access-тегі сұраныс алдын-ала дайындалған сұрақ. Керек мәліметтерді қандай да бір шартқа байланысты шығаруға, сұрыптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныс құрғанда кейбір есептеулерді де жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |