Глоссарий Автоматтандырылған тестілеу (компьютерлік тестілеу) – Автоматизированное тестирование



бет15/52
Дата07.02.2022
өлшемі220,49 Kb.
#95438
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
Байланысты:
ҒИАМК Шынар апай
жалпы педагогика
Электрондық оқулықЭлектронный учебник – машиналық форматта (WORD, HTML және т.б.) электрондық тасуышта орналастырылған бір немесе бірнеше авторлар ұжымы әзірлеген оқулық.
Электрондық оқулық – Электронный учебник (electronic textbook) – мемлекеттік стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес келетін және басылымның осы түрі ретінде ресми бекітілген оқу пәнінің немесе оның тарауының, бөлімінің жүйелі мазмұндамасы бар электрондық оқулық курс.


2. Дәрістерге қысқаша шолу


Дәріс №1. Кіріспе. Білім беруді ақпараттандырудың қазіргі кезеңінің ерекшеліктері мен қажеттіліктері. Бүгінгі күнгі қоғам талаптарына байланысты демократиялық құндылықтарға көшуге қарай, Ресейде, Қазақстанда және т.б. ТМД елдерінде білім жүйесінің жаңа парадигмасына нақты бет алу байқалады: елдер білім саласында тұлғалық-бағдарлы оқытуға және ізгілендіруге көшуде және бұнда шешуші роль ақпараттандыруға берілген. Осыған орай, ақпараттандыру қазіргі білім жүйесінің басты бағытттарының бірі болып қарастырылуда және біліми салада ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану түрлі дидактикалық және педагогикалық міндеттерді шешу жолында зор құрал болып отыр. Қазіргі ақпараттық әдебиеттерде ақпараттандыру білім жүйесін әдіснамалық және практикалық талдауларды, сондай-ақ оқытудың және тәрбиенің психологиялық-педагогикалық міндеттерін шешуге бағытталған қазіргі ақпараттық технологияларды тиімді қолдануды қамтамасыз ететін үрдіс есебінде қарастырылады.
Ақпараттандыру – бұл оқыту мен тәрбиенің психологиялық-педагогикалық міндеттерін жүзеге асыруда білім беру жүйесінде қазіргі ақпараттық технологияларды (ҚАТ) қолданудың теориясы және практикасымен қамтамасыз ету
Білімді ақпараттандыру – біліми жүйелерді реформалаудың барлық негізгі бағыттарын қамтитын маңызды механизмі болып табылуда. Оның басты міндеттері ақпараттық технологияның келесі артықшылықтарын тиімді қолдану болып отыр
- әрбір индивидке өз бетімен білім алу, өзіндік даму траекториясын қамтамасыз ететін ашық білім жүйесін құру мүмкіндігі;
- таным қызметін жүйелі ойлауға нақты бағыттау арқылы оны ұйымдастыру қызметімен бірге түбірімен өзгерту;
- білімнің ақпараттық-әдістемелік қамтамасыздандырылуы нәтижесінде басқарудың тиімді жүйесін жасау;- оқу үрдісі барысында үйренушілердің танымдық әрекеттерін тиімді ұйымдастыру; - ақпараттық технологиялардың өзіне тән қасиеттерін қолдану, оның ішінде маңыздылары: оқу үрдісінің барлық буындарында (қажеттілік-ынта-шарт-құрал-әрекет-операция) жиынтығында әрекеттік тұрғыдан қарауды қолдайтын тану үрдісін ұйымдастыру мүмкіндігі- автоматтандырылған оқу бағдарламаларының бағдарламалау (программалау), серпінді бейімделуі арқылы оның тұтастығы сақтай отырып оқу үрдісін дербестендіру, мүлдем жаңа танымдық құралдарды қолдану және ұйымдастыру мүмкіндігі. Қазіргі компьютерлік технологиялардың ерекше белгілері оның жүзеге асатын өзіне тән ортасы және онымен байланысты компоненттері болып табылады, олар- техникалық (қолданылатын техника түрі)- бағдарламалық-технологиялық (жүзеге асатын оқыту технологияларын қолданудың программалық құралдары);
- әдістемелік-ұйымдастырушылық (оқушылар мен мұғалімдерге нұсқау, оқу үрдісін ұйымдастыру);- пәннің білімдік саласы. Қай елде болмасын қазіргі ақпараттық технологиялар қолдану мен дамыту деңгейі, материалдық базасының дамуымен қатар, ең алдымен, қоғамның интеллектуальдық деңгейімен, жаңа білімді жинақтау, меңгеру және қолдана білу қабілетімен анықталады. Барлығы сайып келгенде, елдің білім жүйесінің даму деңгейімен және білімді ақпараттандыру проблемасымен байланысты. Осыған орай, білім беруді ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның және мәдениеттің жедел дамуын анықтайтын түйінді шарты болып табылады. Біздің зерттеуімізде қарастырылатын бастауыш мектеп кезеңінің маңызы мен қызметі - оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен сабақтастықта болуы. Сондықтан білім берудің басты міндеттері:- оқушының өзін қоршаған, өзі өмір сүретін жаңа әлеуметтік ортаға үйренуі, онда жаңа әлеуметтік мәртебе - оқушы мәртебесінің қалыптасуы; - оқу, ойын, еңбек, қарым-қатынас, т.б. әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгеруі; - айналадағы дүниемен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету. Бастауыш сатыдағы білім мазмұнын жаңарту біліми кеңістікті оқушыға жеке тұлғалық тұрғыдан ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деңгейдегі өзгертумен қатар, оқу пәндерінің кіріктірілуінің басымдылығына берілетін білім мазмұнының да өзгерісін қажет етеді. Жалпы орта білім беретін мектептерді жаңарту құжаттарындағы басты мақсат - бұл баланың оқытудың бірінші кезеңінен бастап қоршаған адамдармен, тұтас әлеммен, өз-өзімен қарым-қатынаста субъект ретінде дамуы. Бұл мақсаттың практика жүзінде жүзеге асуы біліми үрдісті ұйымдастырудың әдістері мен формаларын өзгертуді, әрекеттік тұрғыдағы және тұлғалық-бағдарланған оқытудың жүзеге асуын, ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды және соған сәйкесті негізделген педагогикалық технологияның, онымен жұмыс істеуге қажетті мұғалімдердің дайындығын талап етеді.И.С.Якиманскаяның ұсынған «тұлғалық-бағдарлы оқыту» ұғымын А.А.Леонтьев үш негізгі тезисте қарастырады: мектеп «бәріне бірдей мектеп», мектеп «әрбір адам үшін мектеп», мектепте болған кез оқушыға жағымды да жайлы болу керек. Автордың тұжырымдауынша, басты міндет - оқушыны, оның ойлауын дамыту ғана емес, ең алдымен, тұлға ретінде тұтастық дамуын және келесі дамуға, яғни мектеп қабырғасынан тыс дамуға дайындау. Сонымен қатар бұндай мектепте оқыту бастапқыдан-ақ дамытушы мазмұнда болуы тиіс. Ал бұл әрбір оқушының өзін, жеке қабілеттерін, ынталарын, әлеуметтік бағдарларын, өз тұлғалық бағыттылықтарын толықтай жүзеге асыруы үшін жағдай жасау қажеттігін дәлелдей түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет