Бақылау сұрақтары-2 1.Педагогика ғылымының саласы ретінде білім беруді ақпараттандырудың қай мәселелері негізгі болып табылады?
2.Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мәселелері мен міндеттерін атаңыз.
Талқылауға араналған тақырыптар мен сұрақтар 1. АКТ құралдарын тиімді қолдану мен дайындау тәжірибесі және әдістеме, технология арасындағы айырмашылық қандай? Мұғалім қызметінде олардың ұғымы мен олардың қолдануына мысалдар келтіріңіз.
2.АКТ құралдарын тиімді қолдануды қалай түсінесіз?
Бақылау сұрақтары -3 1.Оқу үрдісінде АКТ құралдарының дидактикалық мүмкіндіктері мен АКТ қызметінің арасындағы айырмашалақты көрсетіңіз.
2.АКТ құралдарының дидактикалық мүмкіндіктерінің жаңалығы қандай?
Талқылауға араналған тақырыптар мен сұрақтар 1.Педагогикалық мақсаттардың іске асуына АКТ құралдарының дидактикалық мүмкіндіктері қалай әсер етеді? Нақты педагогикалық мақсатты құрастырыңыз және өзіңіз таңдаған АКТ құралдарын қолдана отырып оның іске асуына мысалдар келтіріңіз.
2.Ақпараттық қоғамда жайлы өмірлік қызмет ету үшін адамға қандай тұлғалық қасиеттер керек? Бұл қасиеттерді дамыту үшін АКТ құралдарын қалай қолдану қажет?