Айыптық лақтыру кезіндегі қателіктер – айып добын лақтыратын ойыншыға допты 5 секундтан артық ұстамау керек және айыптық лақтыру сызығын басып тұруға, ол сызықты доп себетке тигенше аттап өтуге болмайды. Басқа ойыншылар үшін доп қалқанға тигенше аймақтан шығу мен қалқанға барар жолда допқа тиісу тәртіп бұзу болып есептеледі. Айып добын лақтыратын ойыншы ережені бұзса, доп себетке түссе де есептелмейді. Ал басқаша реттілікпен бұзылса (екінші лақтыру сәтті болса) доп ойынға беткі сызықтан енгізіледі. Егер екінші лақтыру сәтсіз болса, ойыншылар себеттен ыршып түскен допқа ие болғанға дейін жалғастырылады.
Допты лақтыру кезінде ойыншы жіберген қателік себетке түскен допты есептемеуге мүмкіндік береді. Егер қателік қарсылас команда ойыншысы жіберсе және лақтыру сәтсіз болса, онда айыптық лақтыру қайталанады.
Екі команда ойыншыларының бір мезгілде жасаған қателігі, егер доп торға дәл түсірілсе есептелмейді.
Команданың 5 рет тәртіп бұзуы – кездесудің әр кезеңінде 5 рет ескертуден (жеке немесе техникалық) кейін командаға жаза ретінде қорғаныс кезіндегі әрбір жеке ескерту үшін 2 айыптық лақтыру тағайындалады. Қосымша уақыт ойынның төртінші кезеңінің құрамдас бөлігі болып есептеледі, сондықтан қосымша уақытта кездесудің төртінші кезеңіндегі командалық тәртіп бұзушылық пен айыптық лақтырулар жалғасады.
Жеңімпаз команда себетке дәл лақтырылған доп ұпайларының саны бойынша анықталады. Егер командалар негізгі уақыт пен қосымша уақытта да тең түссе, қай команда допты себетке бірінші түсіргенше жалғасады. Бұл ойында уақыт есептелмейді.