Пайда дегеніміз – жалпы түсім (TR) мен жалпы шығындар (TC) арасындағы айырма ;
П=TR – TC
Бұл жерде және әрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың мақсаты – белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе мейлінше аз зиян шегуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады. Қысқа мерзімді кезенде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді. Енді қысқа мерзімді кезенде нарықтық баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын көрсетейік.
Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:
өндіру қажет пе ?
егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде ?
алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады ?
Егер өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы шығындарды және фирма қысқа мерзімде өз қызметін жалғастырғандығы шығындарын анықтау қажет. Өндіріс жабылғанда зиян (У) тұрақты шығындарға (FC) тең болады.
Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір мөлшерінде FC – тан кем зиян шегетін болса, онда өз өнімін қысқа мерзімді кезенде өндіруге тиіс болады . Сонымен, бірінші сұраққа былай жауап беруге болады: егер бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе TFC – кем зиян шексе, онда өндіріс жүргізуге болады.
Екінші сұрақтың жауабы өндірушінің мақсатынан туындайды : фирма мейлінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін өнім көлемін өндіреді .
Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір өндіріс стртегиясын тандап алуға болатын 3 ықтимал жағдайды қарастыру қажет. Барлығыда өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазайық :
П =Р: Q – АС : Q = ( P –АС ) : Q .
Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардын ен төменгі денгейінен жоғары делік, яғни
Р > АС MIN.
Онда ( 2 ) формула бойынша есептесек фирма экономйкалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге (R) Қосатын өсімі оның жалпы шығындарға ( ТС ) қосатын өсімнен артық немесе тен болғанша ұлғайтуы қажет : MR MC немесе жетілген бәсеке жағдайында Р МС, өйткені MR=P.
Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.
Мейлінше көп пайда мынадай тендік орындалған жағдайда шығарылған өнім көлеміне Q сәйкес келеді.
Р=МС.
Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары денгейде жеткізетін шарт болып табылады.
Пайданы мейлінше арттырудын графиктік талдауы төмендегі суретте көрсетілген.
2-суретте фирманың шекті ( МС ) және орташа (АС)шығындарының қисықтары мен сұраныс қисығы Р = МR көрсетілген. МС қисығы сұраныс қисығымен В нүктесінде қиылысады. Оған сәйкес өнім көлемі – Q.
АВСД - тік төртбұрышының биіктігі өнім клемінің бір бірлігіне шаққандағы пайда немесе төмендегі көрсеткіштердің айырмасына тең
( Р-АС ).Оның ені -өндірілген таурлар саны. Сонымен фирманың жалпы пайдасы АВСД тіктөртбұрышының ауданына тең болады. Мейлінше көп пайда өнім шығару көлемі Q-ға тен болғанда алынады, ал бұл өнім көлемі үшін орташа шығындардың ен аз мөлшерінде болуы міндетті емес.
Р,АС
A В Р=MR
Достарыңызбен бөлісу: |