Тақырып 14 . Сыртқы нәтижелер және ақпараттың дәрменсіздігі.
Сыртқы нәтижелер
Жағымды және жағымсыз сыртқы нәтижелер. Ластанған қоршаған ортаны бақылау
Ақпарат- нарықтық ресурс ретінде
Тақырып 15 . Қоғамдық игіліктер
Қоғамдық игiлiктер. Жеке және қоғамдық игіліктер.
Игіліктің шекті пайдалылығы және шектік қоғамдық пайдалылығы.
Шектік қоғамдық шығындар.
Тутынушы қамтамасыз ететiн заттар игiлiктер деп аталады. Қоғамдық игiлiктер - бұл ақша төленетiнiне немесе төленбейтiнiне қарамастан барлық азаматтардың ұжым болып қолданатын тауарлар мен қызметтер түрi. Қоғамдық игiлiктердiң екі негiзгi қасиетi бар:
1. Бесеке емес тұтыну.
2. Шек қойылмалған тұтыну.
Бір адам қоғамдық игiлiктi қолданғанда екіншi бiр тұлға үшiн ол игiлiктiң пайдалылығы қысқармасы тұтыну бәсекелi еместiгін анықтайды. Әрбiр өндiрiс деңгейiнде игiлiктер бесекелi емес болып табылады, егер қосымша тұтынушы үшiн шектi шығындар нольге тең болса.
Тұтынуда шек қойылмаған деген сөз қоғамда ол игiлiктi әрбiр адам қолдануы тиiс, акша төлемесе де.
Жеке игiлiктер әрбiр бiрлiгiне белгiлi көлемде ақша төленедi. Ал қоғамдық игiлiктер жеке бiрлiктерге бөлінбейді жәе сатылмайды.
P
P1 P2 Pn
а) жеке игiлiктер б) қоғадық игiлiктер
Қоғамдық игiлiктердiң жиынтық сұранысы шектi табыстарды вертикаль бойынша қосу жолымен анықталынады. Жеке игiлiктердiң жиынтық сұранысы жеке сұраныс қисықтарын горизонталь бойынша қосу жолымен анықтайды.
Қоғамдық игiлiктен алынатын пайда әрбiр тұтынушы үшiн әртүрi егер шектi табыстар сомасы шектi өндiрiс шығындарына тең болса, онда қоғамда тауарлар өндiрiсiнiң тиiмдi көлемi анықталынады.
Әрбiр сұраныс қисығы шектi табысқа тең болады.
МR=МС шектi шартта тиiмдi өндiрiс көлемi анықталынады.
Қоғамдық игiлiктердi дұрыс пайдаланбау себебiнен негативтi жағдайлар пайда болады. Нарықтық құлдырауы бұл - ресурстарды тиiмдi бөлу және қолдану қамтамасыз етiлмеген жағдайда тиiмсiз нарықты механизмнің қалыптасуы. Халықтың тиiмсiз жағдайын төрт топқа бөлуге болады:
Монополия.
Жетiлмеген ақпараттар.
Сыртқы эффектiлер.
Қоғамдық игiлiктер.
Мемлекет бұл мәселелердi шешу үшiн антимонопольдi саясатты, әлеуметтік сақтандыруды, инфрақұрылымды дамытуды, дотацияларды, жұмысыздық бойынша пособияларды және зейнет ақының қосымша түрiн еңгiзедi. Жалпы мемлекеттік шығындар елiмiздiң жалпы iшкi өнiмiнiң көп бөлiгiн құрайды. Шығындардың негiзгi статьяларына қорғаныс, бiлiм беру, денсаулық сақтау және т.б. негiзгi шығындар болып бөлінедi.
Мемлекеттік саясатқа қатысты шешiмдер ұжым көмегiмен, демократиялық жолмен, дауысқа салу бойынша реттеледi. Сондықтан депутаттыққа және мемлекеттік қызметтерге кандидаттар өзiндiк бағарлама пакетiн халыққа ұсыну керек.
Әрбiр азаматтың бір ғана даусы бар. Дауысты сатып алу заңмен қудаланады. Сол себептен дауысты берудiң екі түрi қолданылады.
1. Ерекше ықылас тобы ретiнде дауыс беру.
2. Өзара қолдау бойынша дауыс беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Қоғамдық игіліктер дегеніміз не?
2. Қоғамдық игіліктердің қандай қасиеттері бар?
3. Жеке игіліктер дегеніміз не?
4. Жеке игіліктердің қоғамдық игіліктердін қандай айырмашылықтары бар?
5. Жеке игіліктерге сұраныс қисықтары қалай орналасады?
6. Қоғамдық игіліктерге сұраныс қисықтары қалай орналасады?
7. Қоғамдық игіліктерден алынатын пайда қандай?
8. Нарықтың құлдырауы дегеніміз не?
9. Тиімсіз жағдайлар қандай топтарға бөлініп қарастырылады?
10. Қоғамдық игіліктерге қатысты мемлекеттің функциялары қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |