Органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары. № 11 көрсетілім «Алкандардың алғашқы бес өкілінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері». Органикалық қосылыстардың номенклатурасы.
9.4.3.4- гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу.
9.4.3.5 -органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер,арендер, спирттер,альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
Гомологтар дегеніміз – жалпы формулалары бірдей, химиялық қасиеттері ұқсас,ал құрамдары СН2 тобына өзгеріп отыратын заттар.
2) бүйір тізбектегі орын басушылар тізбектің басына жақын болатындай етіп сол тізбекті нөмірлейміз;
3) негізгі тізбектің нешінші көміртегінде (реттік нөмері) қандай орын басушы тұрғанын атап барып , негізгі тізбекті нөмірлейміз.
Көмірсутек құрамындағы бір сутектің орнын басып тұратын бөлшекті радикал деп атайды. Қосылысты атау үшін радикалдардың аттарын білу керек. Алканнан – алкилрадикалы түзіледі (-ан жалғауы –ил жалғауына алмастырылады және бір сутегі түсіп қалады)
Метан СН 4; СН3 – метил
Этан С2Н6; С2Н5 – этил
Пропан СН3- СН2 –СН3; С3Н7 –пропил
Бутан СН3- СН2 –СН2 - СН3; С4Н9 – бутил
Төмендегі қосылыстарды (IUPAC) номенклатурасы бойынша атап көрейік.
1 2 3 4 5
СН3- СН2 –СН2 – СН2- СН3 қалыпты пентан (н-нормальный)
1 2 3
СН3- СН –СН3 2- метил пропан
|
СН3
С2Н5
1 2 3 4| 5 6
СН3- СН2 –СН2 – С- СН2 – СН3 4,4 – диэтил-гексан
|
С2Н5
4 3 2 1
СН3- СН –СН - СН3 3 метил- бутанол -2
| |
СН3 ОН
Спирттердің гомолоктарын жүйлік номенклатура бойынша атағанда алдымен радикалды сосын көмірсутектің негізгі тізбегін атап , гидроксил байланысып тұрған көміртек атомының нөмірін көрсетеді . Спирттерде сәйкес көмірсутектердің атына –ол деген жұрнақ қосып айтады және бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксил тобына алмасады.
Тапсырмалар: /Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріңізге орындаңыздар/
1-тапсырма
Алкандардың гомологтық қатарын молекулалық және құрылымдық формуласын жазамыз
2-тапсырма
Қаныққан бір атомды спирттердің гомологтық қатарын жазамыз
3-тапсырма
Төмендегі қосылыстарды ИЮПАК (IUPAC) жүйелік номенклатурасы бойынша атауларын жазыңыздар және берілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар.