Гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу



Дата10.04.2020
өлшемі1,1 Mb.
#62192
Байланысты:
Органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары

Органикалық қосылыстардың гомологтық қатарлары. № 11 көрсетілім «Алкандардың алғашқы бес өкілінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері». Органикалық қосылыстардың номенклатурасы.

  • 9.4.3.4- гомолог ұғымын және гомологтық айырмашылықты білу.
  • 9.4.3.5 -органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер,арендер, спирттер,альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану.
  • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
  • Гомологтар дегеніміз – жалпы формулалары бірдей, химиялық қасиеттері ұқсас,ал құрамдары СН2 тобына өзгеріп отыратын заттар.
  • Салыстырмалы молекулалық массасының өсу ретімен орналасқан гомологтар гомологтық қатар түзеді.
  • СН2 – топтары гомологтық айырма деп аталады.
  • Қаныққан көмірсутектер (алкандар) гомологтық қатарын мысалмен қарастырамыз.
  • 1.Метан СН4
  • 2. Этан С2Н6
  • 3. Пропан С3Н8
  • 4. Бутан С4Н10
  • 5. Пентан С5Н12
  • 6. Гексан С6Н14
  • 7. Гептан С7Н16 және т.б.
  • Кез келген келесі гомологтың формуласы алдыңғы көмірсутек формуласына гомологтық айырымды СН2 қосу арқылы алынады.
  • Гомологтық қатардың барлық мүшелерінің құрамы жалпы формуламен /СnH2n+2/ өрнектеледі. n – көміртектің саны.
  • Гомологтық қатардың бір мүшесінің қасиеттерін біле отырып сол қатардың басқа мүшелерінің қасиеттері туралы қорытынды жасауға болады.
  • Мұндай гомологтық қатарлар органикалық қосылыстардың барлық кластарына тән.
  • № 11 көрсетілім «Алкандардың алғашқы бес өкілінің және сызықты құрылымды спирттердің модельдері».
  • 1.Метан СН4
  • 2. Этан С2Н6
  • 3. Пропан С3Н8
  • 4. Бутан С4Н10
  • 5. Пентан С5Н12
  • 1.Метанол СН3 ОН
  • 2. Этанол С2Н5 ОН
  • 3. Пропанол С3Н7 ОН
  • 4. Бутанол С4Н9 ОН
  • 5. Пентанол С5Н11 ОН
  • Жүйелік номенклатура бойынша (IUPAC) қосылысты атау үшін:
  • 1) ең ұзын тармақталмаған тізбекті таңдап аламыз;
  • 2) бүйір тізбектегі орын басушылар тізбектің басына жақын болатындай етіп сол тізбекті нөмірлейміз;
  • 3) негізгі тізбектің нешінші көміртегінде (реттік нөмері) қандай орын басушы тұрғанын атап барып , негізгі тізбекті нөмірлейміз.
  • Көмірсутек құрамындағы бір сутектің орнын басып тұратын бөлшекті радикал деп атайды. Қосылысты атау үшін радикалдардың аттарын білу керек. Алканнан – алкилрадикалы түзіледі (-ан жалғауы –ил жалғауына алмастырылады және бір сутегі түсіп қалады)
  • Метан СН 4; СН3 – метил
  • Этан С2Н6; С2Н5 – этил
  • Пропан СН3- СН2 –СН3; С3Н7 –пропил
  • Бутан СН3- СН2 –СН2 - СН3; С4Н9 – бутил
  • Төмендегі қосылыстарды (IUPAC) номенклатурасы бойынша атап көрейік.
  • 1 2 3 4 5
  • СН3- СН2 –СН2 – СН2- СН3 қалыпты пентан (н-нормальный)
  • 1 2 3
  • СН3- СН –СН3 2- метил пропан
  • |
  • СН3
  •  
  • С2Н5
  • 1 2 3 4| 5 6
  • СН3- СН2 –СН2 – С- СН2 – СН3 4,4 – диэтил-гексан
  • |
  • С2Н5
  • 4 3 2 1
  • СН3- СН –СН - СН3 3 метил- бутанол -2
  • | |
  • СН3 ОН
  • Спирттердің гомолоктарын жүйлік номенклатура бойынша атағанда алдымен радикалды сосын көмірсутектің негізгі тізбегін атап , гидроксил байланысып тұрған көміртек атомының нөмірін көрсетеді . Спирттерде сәйкес көмірсутектердің атына –ол деген жұрнақ қосып айтады және бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксил тобына алмасады.
  • Тапсырмалар: /Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріңізге орындаңыздар/
  • 1-тапсырма
  • Алкандардың гомологтық қатарын молекулалық және құрылымдық формуласын жазамыз
  • 2-тапсырма
  • Қаныққан бір атомды спирттердің гомологтық қатарын жазамыз
  • 3-тапсырма
  • Төмендегі қосылыстарды ИЮПАК (IUPAC) жүйелік номенклатурасы бойынша атауларын жазыңыздар және берілген қосылыстардың құрылымдық формулаларын жазыңыздар.
  • 1) СН3- СН – СН - СН3
  • | |
  • СН3 СН3
  • 2)
  • СН3
  • |
  • СН3- С – СН - СН3
  • | |
  • СН3 ОН
  • 3) 2-бутил пентан
  • 4) 2,2,4 триметилпентан
  • Оқулықтан 93 – 97 беттер § 51, § 52 оқу
  • Оқулықтағы 95 беттегі 4,5,6 - тапсырмаларды, орындаңыздар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет