Инсулиннің депо-препараттары т/а, кейде б/е, енгізілетін суспензия болып табылады.
Әсері орташа инсулиндер (инсулинның суспензиялары) – әсері 30 мин. – 3 сағ. басталып, 14-24 сағ. созылады. Оларға: инсуман Базал, протафан НМ, исофан ХМ, хумулин Н НПХ жатады.
Әсері ұзақ инсулиндер (кристаллды цинк-инсулиннің суспензиялары) әсері 3-4 сағ. басталып, 24-28 сағ. созылады. Оларға: ультратард НМ, ультратарл ЧМ, хумулин У ультраленте жатады.
Инсулиндердің жанама әсері аллергиялық реакциялар, мөлшерін асырғанда гипогликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері төмендеуі) байқалуы мүмкін. Егер қант диабетін емдемеген жағдайда гипергликемиялық кома (қандағы қанттың мөлшері жоғарлауы) байқалады. Екі жағдайда өте қауіпті болып саналады
Достарыңызбен бөлісу: |