Синафлан (флуоцинолон ацетониді) және флуметазон пивалаты – жоғары қабынуға қарсы және қышымаға қарсы әсері бар, жергілікті қолданғанда нашар сіңірілетінпреднизолонның дифтортындысы. Бұлар тек жергілікті жағылма және крем түрінде микробқа қарсы дәрілермен бірге тағайындалады.
Жағылмалары: «Флуцинар», «Синалар», «Синалар-Н», «Лоринден», «Лоринден С», «Лекакортен», «Лекакортен-Н», «Дермозолон», «Целестодерм», «Гиоксизон», «Элоком», «Фторокорт», «Полькортолон», және т.б. аэрозолдар: «Полькортолон ТС», «Оксикорт» - сыртқа қолдануға арналған; Аэрозолдар: «Бекломет»(Кленил), «Пульмикорт»(Бенакорт), «Ингакорт»(Флунизолид), «Серетид» - ингаляция үшін; суппозиторий түрінде «Ультропрокт»
ІV. Жаңа тақырыпты бекіту
Тақырыбы: Гормональды препараттар
Жаңа тақырыпты бекіту фронтальды сұрақтар, тест тапсырмалары, «Пирамида Маслоу» стратегиясы бойынша кестелерді толтыру арқылы жүргізіледі.
Тапсырма
1.Гормон препараттарының жіктелуі
2.Гипофиздің артқы бөлігінің гормондарына салыстырмалы сипаттама.
3.Қалқанша безі гормондарының препараттары,қолданылуы.
4.Инсулиннің фармакодинамикасы, мөлшерлеу принциптері.
5.Глюкокортикоидтарды қолданғанда болатын қосымша әсерлер және олардың алдын алу.
6.Жыныс гормондары, фармакологиялық қасиеттері, қолданылуы.
7. Глюкокортикоидтармен улану кезіндегі алғашқы көмек
8. Инсулиннің қолдану көрсеткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: |