Екіншілік мессенджерлер қатарына кальций иондары (Са2+), циклді АМФ (цАМФ), циклді ГМФ (цГМФ), инозитолтрифосфат және диацилглицерин (ДАГ) жатады. Аденилатциклазды (АЦ-ды) мессенджерлі жүйе АЦ-ды комплекс үш бөлімнен тұрады: Ібөлімі – тану бөлімі немесе рецептор, жасуша мембранасының сыртқы бетінде орналасқан. Аденилатциклазды жүйе ІІ бөлімі- реттеуші G-белок, гетеротример, α,β,γ-суббірліктерден тұрады. Активсіз күйінде G-белоктың α-суббірлігі гуназондифосфатпен (ГДФ-пен) байланысқан. Активтенген кезде ГДФ ГТФ-қа ауысады. G-белок түрлері: Gs-активтеуші (αs-суббірлігі АЦ-ны стимулдейді); Gi - ингибирлеуші (αi-суббірлігі АЦ-ны тежейді); Gq – (αq-суббірлігі) фосфолипаза С-ны активтейді. Бұл нәруыздардың әрқайсысы α,β,γ-суббірліктерден тұратын тример болып табылады. Акромегалияның себебі
Достарыңызбен бөлісу: |