Гормондар биохимиясы ц-амф және ц-гмф арқылы әсер ету механизмі



бет3/3
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#122980
1   2   3
Байланысты:
хим

ІІІ механизм

  • Субстраттар мен иондар үшін мембраналардың өткізгіштігін өзгерту арқылы және ферменттердің активтілігін өзгерту жолымен әсер ететін гормондар.
  • Мысалы, бұл механизм бойынша инсулин әсер етеді.

Қалқанша безі

Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары

Кальций мен фосфаттар алмасуын реттейтін гормондар:

кальцитонин - қалқанша безінде

паратгормон - қалқанша маңы безінде түзіледі.

Кальцитонин

  • гипокальциемиялық және гипофосфатемиялық әсер көрсетеді.
  • Сүйектің резорбциясын тежейді.

Паратгормон

  • гиперкальциемиялық және гипофосфатемиялық әсер көрсетеді.
  • Сүйектің резорбциясын арттырады.

Паратгормон

  • Сүйектің органикалық заттарының ыдыраун және кальций тұздарының (цитрат және фосфаттар түрінде) сүйектен шығуын күшейтеді.
  • Бүйректе :

  • фосфаттардың реабсорбциясын төмендетеді,
  • кальцийдің реабсорбциясын жоғарлатады.

Тиреоидты гормондар (Т3, Т4)

  • қалқанша безінің фолликулярлық жасушаларында түзіледі.
  • Бұл гормондар негізгі алмасудың (энергия алмасуын) жылдамдығын, тіндердің өсуін, жетілуін, белоктар, липидтер, көмірсулар алмасуын, су-минерал заттар алмасуын, ОЖЖ, АІЖ қызметін, гемопоэзді, т.б. реттейді.

Қалқанша безінің гипофункциясы

Кретинизм

Эндемиялық зоб

  • Таулы аймақтардың тұрғындарында жиі болады, себебі олар ішетін суда, өсімдіктерде йод жетіспейді.
  • Тиреоидты гормондардың жетіспеушілігі.
  • Сондықтан, ас тұзына, ұнға йод қосады.

Эндемиялық зоб

Қалқанша безінің гиперфункциясы: базедов немесе Грейвс ауруы

Қандағы глюкоза деңгейін реттейтін гормондар

Ұйқы безінің гормондары

Инсулин

  • β-жасушаларында түзіледі.
  • Гипогликемиялық, анаболикалық әсер көрсетеді.
  • Глюкозаның қаннан жасушаларға түсуін, жасушаларда глюкозаның тотығуын, гликоген, белоктар, липидтер синтезін, липонеогенезді жоғарлатады.

Контринсулярлық гипергликемиялық гормондар

  • Ұйқе безінің α–жасушаларында глюкагон түзіледі. Ол бауырда гликогенолизді және амин қышқылдар мен глицериннен глюконеогенезді жоғарлатады.
  • Бүйрек ұсті безінің милы қабатында адреналин түзіледі. Ол бауырда гликогенолизді күшейтеді.

Бүйрек ұсті бездері

Глюкокортикостероидтар

  • Бүйрек ұсті безінің қыртыс қабатының шоғырлы аймағында түзіледі.
  • Бұлшық ет, лимфоидтық, дәнекер тіндерінде – белоктардың ыдырауын
  • аяқ-қолдарда майлардың ыдырауын, ал бетінде, дененің жоғары жағында майлардың түзілуін күшейтеді.
  • Жасушалық мембраналардың өткізгіштігін төмендетеді. Глюкоза мен амин қышқылдардың жасушаларға түсуі тежеледі.
  • Бауырдағы амин қышқылдардан глюконеогенез есебінен гипергликемия дамиды.

Қантты диабет (ҚД)

Инсулинге тәуелді

( I түрі) -Адам жас болғанда аутоиммундық реакция нәтижесінде инсулин түзетін жасушалар бұзылады.

Инсулинге тәуелсіз

(II түрі) –

Жас ұлғайған сайын инсулиннің секрециясы төмендейді немесе инсулин рецепторының сезімталдығы төмендегенде.

  • Диабеттің ІІ түрімен ауратын адамдар барлық қантты диабетпен ауратын адамдардың 80-90 % құрайды.
  • Глюкозаның қандағы қалыпты мөлшері: 3,4-6,1 ммоль/л.
  • Бүйректік межесі : 8,8 мМоль/л жоғары.

Қантты диабет кезінде:

  • гипергликемия, глюкозурия
  • гиперкетонемия, кетонурия
  • полидипсия (шөлдеу), полиурия
  • зәрдің меншікті салмағы жоғарылаған

Қантты диабеттің диагностикасы

  • Қандағы глюкозаның деңгейін глюкометрмен (портативтік аспап) анықтау.
  • Уринарлық глюкотест. Қалыпты жағдайда глюкоза зәрде болмайды.
  • Қан плазмасында және зәрде кетон денелерін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет