Гормондар биохимиясы


Гипотироз, қалқанша безінің гипофункциясы



бет31/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Гипотироз, қалқанша безінің гипофункциясы. Гипотироз ТТГ аз мөлшерде түскенде байқалады. Ересектерде биохимиялық өзгерістермен қатар микседема (шырышты ісік) клиникалық белгілері байқалады.
Мұндай аурулармен ауыратындардың салмағы жоғары болып, аз қимылдайтын, жалқау әрі әлсіздік пен тез шаршап, жұмысқа қабілеті төмендеп, ұйқышыл болып келеді. Бұл тироидты гормондардың жеткіліксіз түзілуінен оксидоредуктазаның синтезі бұзылып, ұлпаларда тотығу төмендеуінен, соның салдарынан биологиялық тотығу мен АТФ түзілуі төмендеуімен түсіндіріледі. Қалқанша безінің гипофункциясы кезінде оксидоредуктазалар санының төмендеуінен АТФ синтезі үшін энергия жетіспейді, энергия жылу түрінде бөлініп, дененің температурасы төмендейді. Тотығудың төмендеуінен ең бірінші глюкозаның тотығуы төмендейді, ми және жүйке ұлпаларында макроэргтердің түзілуінің кемуінен ауруларда есте ұстау қабілеті нашар, интеллектің төмендеуі кәсіптік дағдыларын жоғалтуға дейін алып келеді. Ауру қоршаған ортаға немқұрайды қарайды. Назар аудару қабілеті төмендейді, айналадағы кимыл қозғалысқа мәнсіз қарайды және пульстің төмендеуі (брадикардия) байқалады.
Терісі құрғақ, шырышты, ісік және қабыршықтанады. Бет әлпеті түссіз, сөйлегенде тілі күрмеледі. Дауыс ырғағы бұзылған, жуан сөйлейді. Тілі ісініп, аузына сыймай, тілдерінде тіс ізі түсіп тұрады. Бұл ағзаға су жетіспеуінен болады. Мұны барлық зат алмасуының нашарлануынан, ұлпалардан оттегі бөлінуінің тежелуі, тотығу-тотықсыздану реакцияларының төмендеуімен, салдарынан газ алмасуы мен түрлі ферменттердің белсенділігінің төмендеуімен түсіндіріледі. Ақуыздар синтезі мен ыдырауы нашарлап, аралық өнімдер тіндер мен ағзаларда, теріде, біріңғай салалы бұлшық еттер мен сүйектерде жинақталады. Мысалы, гликозамингликандар санының артуы, мұнда дәнекер ұлпаларының гидрофильдігі артып, коллоидты құрылымы бұзылады. Сондықтан Νа мен су тежеледі. Судың тежелуі сонымен қатар вазопрессиннің артық мөлшерде әсер етуімен, салдарынан су реабсорбциясы және Νа артып, диурез төмендеуінен байқалады. Аурудың шашы түседі. Қанда холестерин мөлшері көп болады (гиперхолестеринемия) және гипохромды анемия орын алады. Әйелдерде әртүрлі овариальды-менструалбді бұзылулар, жүктіліктің бұзылуы байқалады. Ерлерде – жыныс бездерінің артрофиясы байқалады. Қалқанша безі гормондарымен емдеген соң аурудың бұл симптомдары жоғалады.
Гипотироз балаларда креатинизм немесе «ақымақ карлик» түрінде байқалады. Микседемаға қарағанда балаларда түтікшелі сүйектерінің (жіліктері) ұзына бойы өсуі тежеледі, түтікшелі сүйектердің ені қысқа болып келеді. Регенерация нашар жүреді. Балалар басын ұстай алмайтын болып, отыруы, жүруі, тістерінің дамуы нашарлайды. Мұрындары жалпақ, іштері үлкен, кіндік грыжасы болып, ол 8-10 жасқа дейін жүре беруі мүмкін.
Жүйке жүйесін макроэргтік қосылыстармен қамтамасыз ету бұзылып, нейрондарда ақуыз, пептидтер мен нуклеотидтер синтезі нашарлайды. Нәтижесінде психика дамуының нашарлауы, сөйлеуінің кешігуі, тіл байлығының және ақыл-есінің кемдігі байқалады. Жыныстың дамуы да тежеледі, қалған белгілері микседемадағыдай дене салмағы артады, дене қызуы төмендейді, пульстің төмендеуі (брадикардия) байқалады, әлсіздік, бет әлпеті түссіз белгілері тән.
Эндемиялық зоб – яғни жергілікті, белгілі бір географиялық аймақтарда, қоршаған ортада, пайдаланылған суда, тағамда йод жетіспеушілігінен пайда болады. Бұл қалқанша безінің зақымдалуының бір түрі. Йод жетіспеген кезде, қалқанша бездің дәнекер тіндерінің қалыптан тыс дамуына сәйкес көлемінің ұлғаюы байқалады, бұл ауру жергілікті жемсау деп аталады. Мұндайда ас тұзына иод қосылады. Мысалы, 100 кг ас тұзына 1г – 2,5г дейін йод қосылып, иодталған ас тұзы деген атаумен пайдаланылады.
Бұл ауруда қалқанша безі үлкейеді, бірақ биохимиялық процесстер бұзылмайды. Бұл ауру ағза қызметіне оншалықты әсер етпегенімен, қалқанша безінің көлемі өскендіктен белгілі бір ыңғайсыздықты тудырады. Ауру қауіпсіз түрінен қауіпті түрге ауысуымен қорқынышты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет