Нысана-жасушалары: инсулин кең әсер етеді, біздің ағзамыздың барлық жасушаларының дерлік инсулинге рецепторлары бар, ол тек жүйке тінінде, хрусталикте, ұрықтық көбіктерде, аралшалардың β-жасушалары, эритроциттерде кездеспейді. Байланысқан инсулиннің тек май тіндерінде рецепторлары болады.
Физиологиялық әсері:Инсулин анаболитикалық гормон болып табылады, сондай-ақ ағзада заттар синтезі үдерістерін ынталандырады. Барлық алмасу түрлеріне әсер етеді.
Ақуыздар алмасуына әсері:ақуыздар ыдырауы бірден төмендейді. Транскрипция жоғарылауы ақуыздар биосинтезінің жоғарылауына алып келеді. Синтетикалық үдерістерге қажет энергия глюкозаның гликолиттік тотығуы кезінде түзіледі. Ақуыздар синтезінің тездетілуі және ыдырауының тежелуі жасушаларда ақуыздар қорының жоғарылауына алып келеді. Аминқышқылдарының дезаминдену үдерісі төмендегендіктен, азотсыз қалдықтарының саны төмендейді. Аминқышқылдарының дезаминденуі өнімдерінен глюконеогенез үдерісі төмендейді.