Гормондар биохимиясы



бет41/77
Дата08.02.2022
өлшемі2,24 Mb.
#123007
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77
Байланысты:
005 (2)

Липидтер алмасуына әсері: инсулин пальмитатсинтетазаны белсендіре отырып, липогенезге жұмсалатын белсенді сірке қышқылының ЖМҚ-на айналуына жағдай жасайды. Инсулин адипоциттерде глицериннің жұтылуы мен тотығуын жоғарылатады. Май тіндерінде, бауырда және басқа тіндерде липидтер жинақталуы күшейеді. ЖМҚ әдетте глюкозаның жасуша ішіне өтуіне кедергі болады, ал инсулин жасушаларда ЖМҚ мөлшерін төмендететіндіктен (олар липогенезге жұмсалады), глюкозаның жасушаларға өтуі жақсарады. Жасушаларда цАМФ мөлшерінің төмендеуінен липолиз, β-тотығу және кетон денелерінің түзілуі тежеледі. Бауыр жасушаларында глюконеогенез тежелетіндіктен, липидтер гидролизі өнімдерінің көмірсуларға өтуі қиындайды. Инсулин эндотелиальді жасушаларда липопротеидлипаза синтезін ынталандырады, триацилглицеридтер липолизі хиломикрондарда және ТӨТЛП-де жоғарылайды.
Осылайша, инсулин жасушаларда осы моносахаридтің гликоген түрінде жинақталуын, глюкозаның соңғы өнімдерге дейін тотығуын және глюкозаның басқа заттарға (липидтерге) айналуын қамтамасыз ете отырып, глюкозаның ішектен қанға, қаннан жасушаларға түсуін жоғарылатады. Инсулиннің жалпы әсері қандағы глюкоза мөлшерін төмендетуге, яғни гипогликемияға бағытталған. Бұл тұрғыдан инсулин гипогликемиялық әсерге ие белгілі гормондардың ішіндегі жалғыз гормон болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет